Ол тізімге Алматы қаласы да кірген, деп хабарлайды Baq.kz.
Сервис мамандары 327 қаланың қылмыстық деңгейіне сараптама жасап, БАӘ-нің Абу-Даби қаласын ең қауіпсіз астана деп таныған. Мұндағы қылмыс индексі 13,63 пайызды құраса, қауіпсіздік индексі 86,37 пайыз болған.
Одан кейінгі орында Катардың Доха қаласы тұр (қауіпсіздік индексі – 14,48 пайыз), ары қарай Швейцарияның Базель қаласы тұр. Сонымен қатар, қауіпсіз ондыққа Сингапур, Квебек, Осака, Токио, Берн, Мюнхен және Цюрих қалалары кірген.
Ару қаламыз Алматы 112 орында. Аталған сервис ақпаратына сәйкес қылмыстық индексі 50,6 және қауәіпсіздің индексі 49,94 пайызды құраған.
Numbeo порталының нұсқасына сәйкес БАӘ-нің Абу-Даби қаласы 2017 жылы да әлемнің ең қауіпсіз қалалардың тізімінде көш бастаған.