Танымал қазақ әншісі Головкиннің жекпе-жегіне қатысты шындықты айтты – видео - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Танымал қазақ әншісі Головкиннің жекпе-жегіне қатысты шындықты айтты – видео

Танымал қазақ әншісі Головкиннің жекпе-жегіне қатысты шындықты айтты – видео

Әнші Карина Абдуллина "қазақстандық боксшы өз елінің әнұраны орындалғанына қарсы болды" деген ақпаратты жоққа шығарды.

  • 26 Қыркүйек 2018
  • 46
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық әнші Карина Абдуллина Геннадий Головкин Лас-Вегастағы жекпе-жек алдында өз елінің әнұраны орындалғанына қарсы болды деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды .

Әнші Лас-Вегаста өткен бокс кешінде Қазақстанның әнұранын шырқаған. Айтуынша, оны бұл үшін Америкаға Геннадий Головкиннің өзі шақырыпты.

"Кейбір басылымдар ешбір дәлелсіз Геннадий Головкинді жекпе-жек алдында өз елінің әнұранын орындаудан бас тартты деп айыптап жатыр. Мұның жалған екенін нық сеніммен айта аламын! Мен Геннадийдің шақыруымен Америкаға ұшып барып, "GGG – Canelo" жекпе-жегі алдында Қазақстанның әнұранын орындадым. Алайда бокс кешін трансляциялаған телеарна бағдарламаға әнұранды "Головкин-Альварес" жекпе-жегінің алдында емес, андеркарт алдында қойды. Әнұранның жазбасы басты жекпе-жек алдында да көрсетіледі деп сендірді. Алайда ақыр соңында гимнді эфирден алып тастады", — деп жазды Абдуллина фейсбуктегі парақшасында. 

Қазақстанның әнұраны неліктен трансляцияланбағанын кеш ұйымдастырушылары түсіндірмеген. 


"Не себепті олай болғанын бізге түсіндірген жоқ. Алайда Қазақстанның әнұраны Лас-Вегастағы кеште шырқалды, ал көк туымыз арена үстінде желбіреп тұрды. Геннадий өз отанының нағыз патриоты, Қазақстанның мақтанышы, солай болып қала береді де. Ал мен үшін өз елімнің әнұранын отанымда немесе шет елдерде орындау әрдайым үлкен құрмет", — деді әнші. 

Еске сала кетсек, 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-mobile аренасында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің қарымта-жегі өтті. 12 раундқа созылған кездесу төрешілер шешімімен "Канелоның" пайдасына шешілді. Осылайша отандасымыз кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіліп, барлық чемпиондық белбеуінен айырылды.