«Қазақша сөйле»: Оғыз Доған ЭКСПО көрмесіндегі роботпен ұрысып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақша сөйле»: Оғыз Доған ЭКСПО көрмесіндегі роботпен ұрысып қалды

«Қазақша сөйле»: Оғыз Доған ЭКСПО көрмесіндегі роботпен ұрысып қалды

Мемлекеттік тілде қызмет көрсетпеген Air Astana компаниясымен соттасып, жеңіп шыққан түрік азаматы Оғыз Доған енді Экспо-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі роботқа шүйлікті.

  • 2 Қазан 2018
  • 43
Фото - Caravan.kz

Қоғам белсендісі «Нұр Әлемде» орналасқан бұл роботтың қазақша сөйлемегеніне ренжулі.

«Қазақша сөйле. Мені мақтағаныңды қойшы, мемлекеттік тілде сөйле. Ұятың жоқ сенің. Қазақстанды сыйламайсың ба?», — дейді ол видеода.

Робот болса, сонда да ресми тілде сөйлеп, Оғыз Доғанды ашуландырды. Ал жасанды интеллектіні қазақша сөйлете алмаған блогер оның үстінен сотқа шағым түсіретінін айтты.

Ақпарат көзі: 
Sn.kz