«Қалаулым» шоуында балалы жұп дүркіретіп той жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қалаулым» шоуында балалы жұп дүркіретіп той жасады

«Қалаулым» шоуында балалы жұп дүркіретіп той жасады

Ақерке есімді бойжеткен «Қалаулым» бағдарламасына келіп, өзінің басынан өткен қиыншылықтарды айтып қазақстандықтардың көңілін босатқан еді.

  • 4 Қазан 2018
  • 93
Фото - Caravan.kz

Әкесіз бала тауып, оны жалғыз өсіріп жатқан қыз бағдарламаға осы ұлына әке іздеп келген. Алайда бүгінде баласының туған әкесімен қайта көңіл қосып, бағдарламада дүркіретіп тойларын жасап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ендігі бір жасқа келген ұлы бар екенін естіген Ақеркенің бұрынғы жігіті онымен қайта көңіл қосуға шешім қабылдап, қыздың ата-анасының алдынан өткен.

Мұндай ерекше жұптың тойын «Қалаулым» бағдарламасының ұжымы тікелей эфирде өткізді. Ал бұл тойдың ерекшелігі жастар үстелінде екі қос ғашықтан бөлек олардың сүйкімді ұлдары отырды.

Нұрболат пен Ақеркенің тойларына қонақ болып олардың достары мен туыстары келді. Сонымен қатар, жастарды құттықтауға келген Нұрлан Еспанов екі жасқа ізгі тілектерін білдіріп, өзінің керемет әнін орындап берді.


Ақпарат көзі: Stan.kz