Шілдехана, бесік тойға арналған баталар, өлеңдер мен тілектер - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шілдехана, бесік тойға арналған баталар, өлеңдер мен тілектер

Шілдехана, бесік тойға арналған баталар, өлеңдер мен тілектер

Шілдехана, бесік тойға арналған баталар, өлеңдер мен тілектер.

  • 5 Наурыз
  • 198353
Фото - Caravan.kz

Шілдехана, бесік тойға арналған бата:

Нәрестенің бауы берік болсын,
Ата-анасына серік болсын!
Азамат болып ер жетсін,
Ақсақал болып терлетсін,
Азамат болсын көрікті,
Ғұмыры ұзын берікті,
Қол қанаты көп болып,
Артынан ерте берсін серікті, ‘
Азамат болсын ардақты,
Мінезі болсын салмақты,
Өнері болсын жан-жақты,
Осы айтқанның бәрі келіп,
Алла берсін зор бақты,
Аллау әкбәр!..

Балаға арналған тілектер:

Кішкентай қызымызға өмірдегі бар жақсылықты тілейміз. Әрдайым көз қуанышымыз болып, аман-есен ортамызда жаздай жадырап, гүлдей құлпырып жүре берсін. Ең бастысы, қазақтың қызы деп атқа лайық болсын. «Киімге жамау түссе де, көңілге жамау түспесін» деген. Ендеше, үнемі көңілі жақсылықтан жадырасын.

Отбасымыздың тәп-тәтті бүлдіршіні, көз қуанышымызды өмір есігін ашқан күнімен құттықтаймыз. Қыран болып самғап, алыстарды көздеп, биіктерді бағындыратын үлкен азамат бол, жаным. өмір жолы сені ешқашан адастырмай, әр басқан қадамыңа Алланың нұры жаусын.

«Ақыл – тозбайтын тон, білім – таусылмайтын кен» деген. Қызымыздың білімді, ақылды болуын тілейміз. Өмір жасы ұзақ болсын. Ата-әжесін тек қана жақсылықтармен қуанта берсін.

Анаңа шуақ бол, әкеңе қуат бол!

Мынау заманның,бейбіт елдің ақ көгершіні болып өмірге іңгәлап келген жас нәрестенің шілдехана тойы құтты болсын!

Мынау заманның,бейбіт елдің ақ көгершіні болып өмірге іңгәлап келген жас нәрестенің шілдехана тойы құтты болсын!

Бала – бауыр етің. Отбасының тату-тәтті өміріне алғышарттардың біріншісі олардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі болса, екінші шарт – перзент. Сондықтан атамыз қазақ «балалы үй – базар» деп орынды айтқан. Адамның бір қызығы – баланы мейірлене иіскеу үлкен бақыт болса, сол бақытқа, міне, бүгін сендер де жетіп отырсыңдар. Сол себепті мен сендерге тойларың тойға ұлассын, көретін қызықтарың көбейе берсін демекпін.

Көк аспандағы жұлдыздарға жаңа бір жұлдыз, жердегі адамзат қатарына тағы бір адам қосылды. Өмірге шекесі торсықтай сәби келді! Бейбіт елдің ақ көгершіні болып дүние есігін ашқан сәбиіміздің бауы берік болсын. Маңдайы жарқыраған ұл болып ер жетіп, ата-анасының ғана емес, бүкіл елінің мақтаныш етер азаматына айналсын!

Балаға арналған өлеңдер:

Құтты болсын бесігің

Артық болып несібің.

Дастарханың жайылып,

Ашық болып есігің,

Өре берсін балалар.

Дұшпандарың болмасын,

Күншілдікпен табалар.

Алпамыстай тағы да,

Ұл артынан ұл тапқын.

Жарқыраған Шолпандай,

Қыз артынан қыз тапқын.

Құтты болсын бүгінгі,

Шілдехана тойларың.

Тілектерін қабыл боп,

Орындалсын ойларың.

Басталыпты өмірдің көші, міне,

Бөлейікші бөбекті бесігіне.

Салт-дәстүрін ұлтының біліп өссін,

Жігіт болсын лайықты есіміне.

Уілдейді бесікте шіркін, үміт,

Бола алмайды бесіктой бұл күн ұмыт.

Тәлімінен қазақтың өнеге алып,

Әдебі мен өссінші ғұрпын ұғып.

Көзін салсын бесіктен бұл ғаламға,

Биіктер көп қос қанат талмағанға.

Түзу өссін тал бойы, ұйқы қанып,

Шаршамасын ғаламды шарлағанда.

Бабасының бесік бұл тері сіңген,

Қазақ болсын бесікке белі тиген.

Ақ бесікті анасы тербетеді,

Болып өссін азамат елі сүйген.

Оң қолымен бесікті тербет, келін,

Әлдимен сездір өмір өрнектерін.

Дариды екен бесіктен құт-береке,

Тілейін саналы ұлан ер жеткенін.

Әлди, әлди, бөпешім,

Қуанышым екенсің.

Азамат боп ардақты,

Ертең өсіп кетерсің.

Асулардан өтерсің,

Төбеңе елің көтерсін.

Биік ұста басыңды,

Сонда арманға жетерсің.

Әлди, әлди, жан балам,

Талмасын қанат самғаған.

Береке-бақыт әкелсін,

Әр жолың сенің таңдаған.

Қыран құс бол талмаған,

Ерліктің қамын қамдаған.

Еңбегіңді мақтасын,

Ғасырлар айтып сары далаң.

Әлди, әлди, бөбегім,

Бесікке салып бөледім.

Өзіңе арнап өмірді,

Мейірім нұрын төгемін.

Әдемі сөздер теремін,

Ертеңгі сая-терегім.

Ақылың асқан дана бол,

Үмітті жалғап сенемін.

Басталыпты өмірдің көші, міне,

Бөлейікші бөбекті бесігіне.

Салт-дәстүрін ұлтының біліп өссін,

Жігіт болсын лайықты есіміне.

Уілдейді бесікте шіркін, үміт,

Бола алмайды бесіктой бұл күн ұмыт.

Тәлімінен қазақтың өнеге алып,

Әдебі мен өссінші ғұрпын ұғып.

Көзін салсын бесіктен бұл ғаламға,

Биіктер көп қос қанат талмағанға.

Түзу өссін тал бойы, ұйқы қанып,

Шаршамасын ғаламды шарлағанда.

Бабасының бесік бұл тері сіңген,

Қазақ болсын бесікке белі тиген.

Ақ бесікті анасы тербетеді,

Болып өссін азамат елі сүйген.

Оң қолымен бесікті тербет, келін,

Әлдимен сездір өмір өрнектерін.

Дариды екен бесіктен құт-береке,

Тілейін саналы ұлан ер жеткенін.