Қазақ халқы Алматыда М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаны ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Шерхан Мұртазамен қоштасуға зиялы қауым өкілдері, жазушылар, қаламгерлер келді. Билік өкілдерінен Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бар.
Мәдениет министрі өз сөзінде Шерxан Мұртазаның қазақ әдебиетіне, мәдениетіне сіңірген еңбегін айта келіп, Елбасының көңіл айту xатын оқып берді.
"Ұлт руханиятында өзіндік қолтаңбасы бар заңғар жазушы соңына мол мұра, өрісті өнеге қалдырды. Шерхан Мұртаза қазақ журналистерінің бірнеше буынын тәрбиелеген ұлттық баспасөздің биік бәйтерегі еді. Қашанда әділдік пен ақиқаттың алдаспаны болғаны үшін қара сөздің зергері, шындықтың шырақшысы атанған Шерхан Мұртазаны халқы "Шерағаң" деп қадір тұтты", — деді Мұxамедиұлы.
Сондай-ақ, халық жазушысын соңғы сапарға шығарып салуға Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Зейнеп Ахметова, Сауытбек Әбдірахманов, Нұрлан Өнербаев, Нұрлан Оразалин келген.
Соңғы жаңалықтар
Шошқаға субсидияны неге көп береді?
Жаңалықтар
4 Мамыр
"Кеңес Одағының батыры туралы алғашқы фильм": Әлия Молдағұлова жайлы кино туынды көрерменге жол тартпақ
Жаңалықтар
4 Мамыр
Роман Скляр Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысын өткізді
Жаңалықтар
4 Мамыр
Тоқаев 8-9 мамырда Ресейге іссапармен барады
Жаңалықтар
4 Мамыр
"Депутаттар туған күнге 2000 теңгеден жинайтын": Дәулет Мұқаев туған күнінде әріптестерінен қандай сыйлық алғанын айтты
Жаңалықтар
4 Мамыр
"Мынау енді шектен шыққан әдепсіздік": Нүкенованың ағасы соттағы қылығы үшін сынға қалды
Жаңалықтар
4 Мамыр
Көркем гимнастикадан жаспірімдер командасы Азия біріншілігінде топ жарды
Жаңалықтар
4 Мамыр
"Ораза ұстаушының аузынан шыққан Жағымсыз иіс Алланың құзырында әтірден де құрметті болады дейді" - Нұрсұлтан имам-ұстаз
Жаңалықтар
4 Мамыр
"Бұлар неге аяқ асты қазақшаға жабысып қалды?": Байжановтарға қазақ қоғамының қолдауы қажет - журналист
Жаңалықтар
4 Мамыр
30-дағы жігіттің автобуспен жүргені ұят па? Роза коучтың қыздарға айтқан кеңесі дау тудырды (ВИДЕО)
Жаңалықтар
4 Мамыр