Бойжеткен неке түнінен кейін пәк емес деп танылып, үйіне қуылған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бойжеткен неке түнінен кейін пәк емес деп танылып, үйіне қуылған

Бойжеткен неке түнінен кейін пәк емес деп танылып, үйіне қуылған

Бальджуван қаласының 21 жастағы тұрғыны Мастона Асо бір жыл бұрын ажырасса да, бұрынғы жұбайының үйінде басынан кешірген қорлығын ұмыта алар емес.

  • 14 Қазан 2018
  • 2500
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Радио Озоди басылымына сілтеме жасап,Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Бойжеткен жұбайымен бірге бар болғаны екі күн тұрған. Күйеуі оған ата-анасының айтуымен үйленген. Тойдан кейін, екінші түні ол Мастона Асоны арың таза емес деп көк ала қойдай сабаған. Сонымен қатар, ол әйеліне пәк емес екенін күштеп мойындатқан және осы сөзін дәлел ретінде телефонына жазып алған.

“Ол бөтен бір ер адамның есімін аузыма алғызды. Сол адам екеуміз бір-бірімізді жақсы көретінімізді және некеге дейін төсектес болғанымызды күштеп айтқызды. Мен осының бәріне сене алмадым, бірақ ол мені қатты ұрды. Оның соққыларынан мұрнымнан қан ағып, құлағымның жарғасы жарылып кетті. Менің шашымды тақырлап алып тастап, бірде бір киім бермей, үйден қуып жіберетінін айтып қорқытты. Мен қорлыққа, соққыларға төзе алмадым. Сөйтіп телефон камерасына тұрмысқа шыққанда арым таза болмағанын мойындадым”, — деп есіне алады Мастона Асо.

Медициналық экспертиза қыз тұрмысқа шыққанда ары таза болғанын дәлелдеген. Бірақ бойжеткен басқа адамдар әлі күнге дейін бұрынғы күйеуінің сөзіне сенеді деп ойлайды. Таныстарының, көршілерінің жаман көзқарасын сезеді.

Қазір Мастона Асо бос уақытының көп бөлігін үйінде өткізеді.


“Ажырасқан соң, анам туысқандарымыз, көршілер бар шараларға қатыспайды. Мен туралы сұрайды деп қорқады. Ата-анам ғана емес, апа-атам да адамдардан алшақтай бастады, үйде отырғанды жөн көреді”, — дейді ол.

Оның әкесіне кишлактан астанаға көшіп кетуге тура келді. Бір жыл көлемінде ол қызының және жанұсының намысын қайтадан қалыпқа келтіруге тырысып жүр.

Бұрынғы күйеуінің туысқандары Мастона өзі тойға дейін “ара-қатынасы” болғанын мойындап отыр дейді. Олардың сөзінше, соққы туралы әңгімелердің негізі жоқ. Жігіттің анасы қызды әкесінің үйіне “бірде-бір тыртықсыз” қайтарғандарын сөз етеді.

Басылым сотмедэкспертиза орталығына жыл сайын жүздеген өтініштердің түсетінін ескереді. Қыздардың барлығы ар тазалығын рәсімдеуге келеді. Әдетте мұндай өтініштерді арсыз деп танылған қыздардың ата-аналары білдіреді.

2017 жылы Тәжікстанда 18 жастағы қыз үйлену тойынан соң, өмірімен қош айтысқан. Себебі, бірінші неке түнінен кейін оның арына байланысты пікірталас туған.