Бұл туралы Жұлдыз Tengrinews.kz басылымының “The эфир” жобасында айтты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Мен әрине, қызғанамын. Қатты қызыл қызғаншақпын деп айта алмаймын. Ал жолдасым қызғаншақ. Менің көзімше қыздардың хабарласқанын көрмедім”, – дейді Жұлдыз.
Әбдікәрімова жолдасының телефонын тексермейді екен. Себебі артық рет басымды ауыртқым келмейді, дейді. Ал күйеуінің ізінен қалмайтын қыздардың әрекетін күлкімен қабылдайды екен.
“Отау құрғанымызға 3-4 жыл болған кезде қыздар көп хабарласатын. “Ало” деп хабарласып, тұтқаны қойып тастайтын. Бірақ мен оларды кішкентай жасөспірім қыздар деп, жеке тұлға ретінде қабылдаған емеспін. Бір фанаткасы, аяғым ауыр кезде концерттен шығып келе жатқанбыз. Мен қорбаңдап әрең келе жатырмын, Қайрат достарымен бірге алға шығып кетті. Бір бұрылысқа келгенде әрең дегенде Қайратқа жетіп, қолтықтай бергенім сол еді, бір қыз жүгіріп келіп, “Қайра-а-а-т” деп мойнына асылып, сүйіп жіберді. Қайрат бірден маған қарап, уайымдап қалды. Сасқалақтап қалды. Ана қызды да итере алмайды, фанаты ғой. Бірақ достары “қарындас” деп итеріп жатыр ғой. Жабысып қалған ол қыз. Мен күліп жатырмын. Мен үшін ол күлкілі. Мен керісінше, қуанамын. Қайраттың тыңдармандарының көбі қыз балалар, демек Қайратты жақсы көреді”, – дейді Жұлдыз.
Ал қызғаншақ Қайрат Жұлдыздың әр басқан қадамын бақылап, тіпті телефонын үнемі бақылауда ұстайды екен.
“Ол менің телефонымды міндетті түрде көреді, оқиды. Оған мен дайын болдым ғой”, – деп ағынан жарылды Жұлдыз.
Қайраттың келіншегі жұбайының өмірінде қыз балалардың көп болатынын о баста білген. Сондықтан артық нәрсеге бас қатырып, ол үшін уайымдамайды. Ең бастысы, сол сәтте отағасының көңіліне кірбің түсірмеу.
“Өзім дайын болдым ондай нәрсеге. Әнші болғаннан кейін міндетті түрде қыз көп болады. Бірақ бәрін ақылмен қабылдап, даналықпен шешім қабылдау – ол сабырлық деп ойлаймын. Уақыт емші дейміз. Ол уақытша кезеңдер, өтеді де кетеді. Тек сол кезде қатты ұрысып қалмау керек”, – дейді Жұлдыз.