Дұғамыз қабыл болатын уақыттар - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
0 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дұғамыз қабыл болатын уақыттар

Дұғамыз қабыл болатын уақыттар

Дұғамыз қабыл болатын уақыттар.

  • 15 Қазан 2018
  • 1497
Фото - Caravan.kz

1.     Түннің соңғы үштен бір бөлігі (таң сәріде). Пайғамбарымыздың бір хадисінде: «Біздің кемшіліктен пәк, әрі Ұлы Раббымыз әр түннің соңғы үштен бір бөлігі қалғанда дүние аспанына түседі. Сол кезде Алла: «Кім маған дұға қылса, Мен оған жауап беремін. Кім Менен сұраса, Мен оған беремін. Кім Менен кешірім сұраса, Мен оны кешіремін», — дейді», — делінген (Бұхари, Муслим).

2.     Рамазан айында. Қасиетті Рамазан айының әсіресе соңғы он күнінде, соның ішінде мың айдан да артық түн Қадір түнінде. Айша анамыз (р.а.): «Бір күні Алла елшісінен (с.ғ.с): «Уа, Алланың елшісі! Егер мен Қадір түні екенін білсем, не айтуым керек?» деп сұрадым. Ол (с.ғ.с.): «Я, Алла! Сен кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің. Ендеше мені кешіре гөр!» — деп айт», — деді», — деген.

3.     Ауызашар уақытында.

4.     Жұма күні. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Осы күні бір сәт бар. Егер мұсылман намаз оқып Алла тағаладан бір нәрсе сұрап жатқан кезде сол уақытқа тап келсе, Алла тағала оған сұрағанын береді» — деген (Әбу Һурайрадан Бұхари мен Муслим риуаят еткен).

5.     Арафа күні. Бұл күні дұғалар қабыл болады, кешірім тілеушілер кешіріледі.

6.     Азан мен қамат арасында. Тағы бір хадисте: «Азан мен қамат арасында жасалған дұға қайтарылмайды» — делінген (Тирмизи).

7.     Азан айтылып жатқанда.

8.     «Қажылық еткендердің дұғасы қабыл болады» (Табарани).

9.     Рәғаиб, Бәрат және жұма түні

10.   Рамазанның бірінші түні

11.   Құрбан айттың бірінші түні.

12.    Парыз намаздарынан кейін.

13.    Құран Кәрімді хатм еткенде.

14.    Жаңбыр жауған кезде.

15.    Зұлымдыққа ұшырағанда

                                                                                                                                        Ақпарат көзі: mazhab.kz

 

Ұқсас тақырыптар:

Үйге кіргенде және үйден шыққанда оқитын дұға

Қабір басына барғанда айтылатын дұға

Жұма күні оқылатын дұға