Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Ерке желідегі парақшасына: "Бақыттымын бұртиып! Шүкір!", деп суретін жүктеді.
Оқырмандары: "Бояумен бәрі әдемі, ұнамайды, шошаңдап қалған біреу", "Кетші бар түрің албастыдай болмай", "Бақытты адам бұртия ма екен", "Байың болмаса қайдан бақытты боласың?", "Қыз-ау, бақытты адамға ұқсамайсың ғой, кеудеңді қара бұл торлап, жүрегің қайғы-мұңға тола сияқты. Бақытты адам басқаша көріністе болады. Әртістердің психикасын инста арқылы жаттап алдық қой", деген пікірлер жазды.
Еркені қолдап, бақыт тілеп, өнер жолына табыс тілеген де жетерлік.