"Сатқындықты сен де сезін": Жұлдыз Өмірғали желіде өзін өсектегендермен сөз таластырды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сатқындықты сен де сезін": Жұлдыз Өмірғали желіде өзін өсектегендермен сөз таластырды

"Сатқындықты сен де сезін": Жұлдыз Өмірғали желіде өзін өсектегендермен сөз таластырды

Танымал әнші Айқын Төлепбергенге тұрмысқа шығып, ұл сыйлағанын ақыры мойындаған «Кешью» тобының бұрынғы әншісі Жұлдыз Өмірғали өзіне тағылған сынға жауап беріп, желіде кеңінен көсілді.

  • 19 Қазан 2018
  • 230
Фото - Caravan.kz

Соның ішінде Айқынның бірінші әйеліне қатысты ойын да білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Жұлдыз Өмірғалидің Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған жазбасының астына пікір қалдырушылардың бірі: «Бірінші әйелі әдемірек болған еді. Және ақылдырақ», – деп жазған.

Өз кезегінде әнші оған «иә, болған» деп жауап берді.

Алайда пікір қалдырушы мұнымен тоқтап қалмады. Ол Айқын Төлепбергеннің үшінші әйел алғанын қалайтынын жазған.

«Ол әлі де әдемі. Ол (ред. Айқын) қайта ойланады деп үміттенемін. Тіпті, ойын өзгертпесе де, үшінші әйел алсын. Оның бірінші әйелі сезінген ауру мен сатқындықты сіз де сезініңіз», – деп жалғастырды пікір қалдырушы.

Мұнан кейін тағы бір желі қолданушысы Жұлдыздан Айқын үшінші әйел алса не істейтінін сұрады.


«Өмірді жалғастыра беретін едім. Не сұрақ бұл? Әлде: «Жоқ, мен онсыз өмір сүре алмаймын», – деуім керек пе? Қаншама адам ажырасқан соң одан да жақсы өмір сүріп кетеді. Неге ажырасқан соң бәрі жаман болады деп ойлайды?» – дейді Жұлдыз Өмірғали.