Құранда барлық дертке дауа қандай дәрі жазылған? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.55
  • 524.28
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құранда барлық дертке дауа қандай дәрі жазылған?

Құранда барлық дертке дауа қандай дәрі жазылған?

Құранда барлық дертке дауа қандай дәрі жазылған?

  • 22 Қазан 2018
  • 1228
Фото - Caravan.kz

Қасиетті Құран мен хадистерде адам денсаулығына пайдалы көптеген көкөністер, жеміс-жидектер мен өсімдіктер айтылған. Солардың бірі – 9000 жылдан бері келе жатқан кәдімгі бал (әсел).

Бал Құранда жәннаттың азығы ретінде сипатталады: «Тақуа жандарға уәде етілген жәннаттың мысалы: Онда суы әсте лайланбайтын һәм борсымайтын тұп-тұнық өзендер, дәмі еш өзгермейтін (ашымайтын) сүттен өзендер, ішкен жандарды ерекше ләззатқа бөлейтін шараптан өзендер және қоспасыз таза балдан өзендер бар…» («Мұхаммед» сүресі, 15-аят).

Сондай-ақ: «Раббың бал арасына: «Тауларға, ағаштарға, адамдар жасаған жаппалар (күркелер) мен омарталарға да ұя сал». «Содан кейін түрлі жемістермен қоректеніп (жиған қорегіңмен) Раббыңның сен үшін оңтайластырған (жеңілдетіп қойған) (ұяңа жеткізетін) жолдарына түс»,-деп аян берді. Араның қарнынан адамдарға шипа болатын түрлі-түсті шәрбат (бал) шығады..» делінген («Нахыл» сүресі, 68,69-аяттар).

Балдың түсі мен иісі географиялық орындардың әртүрлілігіне байланысты түрлі болып келеді. Құранда айтылғандай, емдік қасиетке ие. Көптеген ғылыми зерттеулер де мұны растаған. Ол ішкі ағзалардың жұмысын реттеп, қан құрамын жақсартады, имунитетті көтереді, күш-қуаттың нағыз қайнар көзі. Бал натрий, калий, мыс, фосфор, магний, кальций мен темір сияқты микроэлементтерге бай.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) балды жылы сумен араластырып ашқарынға ішкен. Мұндай процедураның пайдасы ғылыми дәлелденген: ағза токсиндер мен майлардан тазарады, бауыр тазарады. Балды ұзақ уақыт бойы қабылдау жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады.


Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бал – барлық тән ауруларының емі, ал Құран – барлық ақыл ауруларының емі. Сондықтан мен сендерге толыққанды емделу үшін екеуін де қолдануға кеңес беремін», – деген.

                                                                                                                                            Ақпарат көзі: asylsoz.kz