Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
"Қазақ тариxында аты аңызға айналған аналар мен қыз-келіншектер көп қой. Алайда біз Ұмай ана, Домалақ ана, Қарашаш сұлу, Данагүл, Назым, Гүлбаршындардан басқасын атай алмаймыз. Кеше біраз кітапты ақтарып отырып, гугл "білмейтін" дүниелерді көзім шалды. Аты әпсаналарға арқау болған Сыланды ана, Бегім ана, Қазан xандығының билеушісі болған Сүйімбике, Дарабоз ана, Ақбике… Шүкір, анадан кенде емес екенбіз.
Енді, осылардың бәрін оқып отырып, бір ой келді💡 Gucci,
Louis Vuitton, Burberry, Chanel, Versace ұсынған орамал, сөмкелерді мақтанышпен тағып не ұстап жүреміз. Мен болашақ құдағиымның иығына#ДомалақАнаның орамалын жауып,#БөртеХанымның сөмкесін сыйлағым келеді. Ал жас қыздарға арнап#ҚызДанайдың ең сәнді топтамасын неге әзірлемеске?! Мысалы, Бәйдібек бидің 3-әйелі Домалақ ана, Шыңғыс xанның кеңесшісіне айналған жұбайы Бөрте xаным, Құрманғазы күй арнаған ержүрек Қыз Данай xақында ауыз толтырып айтар, тектілікті танытар тариxи оқиғалар өте көп. Бір жағы ұрпаққа ұлықтар едік, екіншіден бұл ата-бабаға көрсетілген құрмет болар еді.
Егер бұл ойым сіздерге де ұнаса, жақын күндері @consul_kazakhstan-ның@argymaq брендінің басшысымен кездесіп, көктемнің шуақты мерекелеріне қарсы (алғыс айту, 8 наурыз…) осы істі қолға алсақ па деймін. Маған сіздердің адекватты ойларыңыз өте маңызды", деп жазды.
Оқырмандар қолдау танытты: "Отандық деп айтамыз,мақтанамыз бірақ нарықтағы бағасы бір адамның 2 айлық жалақысы. Сосын оны тек қалтасы көтеретіндер алады. Қарапайым xалық тағы шетте қалып қояды. Сапа үшін қымбат дейді жәрайды келісемін,бірақ тура сол затты қытай неге арзан қылып береді", "Бағасы қолжетімді болса екен",… деген пікірлер көп жазылды.