Қазақстанның солтүстігіне көшкен отбасылар баспанамен қамтылады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның солтүстігіне көшкен отбасылар баспанамен қамтылады

Қазақстанның солтүстігіне көшкен отбасылар баспанамен қамтылады

Солтүстікке қоныс аударғандарды үймен қамту үшін алдағы үш жылға 15 миллиард теңге қарастырылған.

  • 30 Қазан 2018
  • 34
Фото - Caravan.kz

Алдағы үш жылда солтүстікке қоныс аударған үш мыңға жуық отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды .

Министр жұмыс күші жетіспейтін өңірлерге қоныстану кезінде қоныс аударған адамдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету маңызды фактор екенін атап өтті.

"Президенттің тапсырмасымен мемлекеттік бағдарламада жұмыс берушілердің қатысуымен қоныс аударғандарға тұрғын үй салу және сатып алу механизмі көзделген. Бұл тәсіл, ең алдымен, Солтүстік Қазақстан облысында апробациядан өткізіліп, кейін басқа өңірлерде қолданылады", — деді Әбілқасымова үкімет отырысында.

Айтуынша, солтүстікке көшкен отбасыларды үймен қамту үшін бюджеттен 2019-2021 жылдары 15 миллиард теңге қарастырылған. 


"Нәтижесінде облыста алдағы үш жылда 3000-ға жуық отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр", — деді ол. 

Сондай-ақ, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру аясында жұмыс күші көп оңтүстік өңірлерден 1 488 отбасы немесе 4 925 адам қоныс аударған.  Оның ішінде еңбекке қабілетті жастағы 2,5 мың адам қатарынан 1,5 мыңға жуық адам немесе 56%-ы жұмысқа орналастырылды, 87 адам кәсіпкерлікпен айналысып жатыр.