«Əуежай ғимаратын қайта жаңғыртуға келсек, жақында ғана оның басшылығы ауысты. Қазіргі таңда эскиздік жобаға халықаралық байқау жарияланды. Менің ойымша, жақын арада аталған жобаның жеңімпазы белгілі болады. Оны жақын арада БАҚ өкілдеріне таныстырамыз»,- деді Павел Кулагин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мəслихатында.
Оның айтуынша, қолға алынатын жобаны жүзеге асыру үшін жер телімі де бөлініп қойған.
«Аймақ қоршауға алынып, құрылысқа дайындалып жатыр. Аталған территорияның топырағы шығарылды. Əуежайдан оңға таман Закарпатская көшесіндегі бос орын бар»,- деді əкім.
Айта кету керек, осыдан бірнеше апта бұрын əуежай өкілдері жаңа терминал туралы баяндаған болатын.
Осыған дейін Алматы әуежайының басшылығы жаңа терминалдың өткізу қабілетін арттырудың бірнеше жолы туралы айтты.