Бұл қуанышымен желіде Жұлдыз Әбдікәрімова бөлісті.
“Міне, көптің тілегі деген осы шығар… Қазір ғана. Жақсы жаңалық келіп жеткен бойында сіздермен бөліскенімді жөн деп білдім. Себебі кешеден бері Алау қызымызға жақсы тілек білдіріп, ақ жол тілеп жатқан жандар менің оқырмандарымның ішінен табылды… Сол жандарға айтар алғысым шексіз. Тілеген жақсылықтарыңыз еселене түссін!
Бүгін “Мисс олимпиада-2018″ байқауында Алау сайысқа түсіп, бас жүлдені жеңіп алды. (Апасы ұқсап. Негізі мектептің дарынды балалары олимпиада-2018 жарысына Анталия еліне жол тартқан болатын. Қазақ елінің намысын қорғауға кеткен балалардың бәріне сәттілік тілеймін!
Құрметті қазақ елі, қазір шет елде жүрген барлық біздің елдің балаларына сәттілік тілеп, жеңіспен оралуларына тілекші болайықшы”, – деді ол.