«Орыстардың Қазақстаннан жаппай көшуі болмайды»: Саясаттанушы Путиннің жаңа демографиялық саясаты туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Орыстардың Қазақстаннан жаппай көшуі болмайды»: Саясаттанушы Путиннің жаңа демографиялық саясаты туралы айтты

«Орыстардың Қазақстаннан жаппай көшуі болмайды»: Саясаттанушы Путиннің жаңа демографиялық саясаты туралы айтты

Ресейлік саясаттанушы Георгий Федоров Путиннің жаңа жарлығы Қазақстандағы демографиялық ахуалға қалай әсер ететіні жайлы сөз қозғады.

  • 6 Қараша 2018
  • 335
Фото - Caravan.kz

Жуырда Ресей президенті Владимир Путин «Ресей Федерациясының 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік миграциялық саясаты туралы Концепциясы» бойынша жарлыққа қол қойды. Аталған концепция аясында елге миллиондаған адамдарды тарту, әрине, ең алдымен орыстар мен орыс тілділерді әкелу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілу керек.

Caravan.kz медиа-порталы ресейлік сарапшы және «Аспект» әлеуметттік және саяси зерттеулер орталығының президенті Георгий Федоровтан Ресейдің неліктен жаңа концепция қабылдағанын және оның Қазақстандағы демографиялық ахуалға қалай әсер ететіні жайлы білген еді.

— Меніңше ескі концепция отандастарды қолдау бойынша дұрыс жұмыс істемейді. Аталған жұмыс бірден тығырыққа тірелді. Қазір Ресейге көшкісі келетін адамдар көп. Бірақ ол түрлі себептерге байланысты «сапалы» атқарылмай отыр. Жаңа концепция осы олқылықтардың орнын толтыруы тиіс.

ТМД елдеріндегі күн көріс деңгей Ресейден төмен екені ешкімге құпия емес. Сондықтан көптеген орыстар көшкісі келеді. Бұған қоса Ресейде қазір мамандар тапшы. Ал ТМД-дағы барлық орыстар жақсы білім, мамандық алған. Демографиялық тұрғыда тоқырауға ұшырап отырған Ресей үшін бұл адамдар өте қажет.


Жаңа концепция Қазақстандағы демографиялық ахуалға әсер ете ме?

Егер Солтүстік Қазақстан жайлы болса, онда ол жақтағы жағдай өзгеруі мүмкін. Бірақ анау айтқандай үлкен өзгерістерді күтудің қажет жоқ. Орыс халқы негізі көшпенді емес. Бұған қоса Қазақстанның өмір сүру деңгейі ресейлік деңгейге сәйкес келеді.

Жаппай көшу болуы екіталай. Ал егер ондай болса орыстарға аталған елдерде өмір сүру қиын деген ой туындауы мүмкін. Өкінішке орай 90-жылдары солай болды. Қазір ондай жағдай қайталанбайды деп үміттенем.

Сонда да Қазақстандағы орыстар жаппай көшсе, қандай қауіп болуы ықтимал?

ТМД-дағы кез келген ел үшін орыстардың жаппай көшуі жаман белгі. Ең алдымен жоғары білімді, білікті мамандар кетеді. Сондықтан ТМД елдері оларды сақтап қалуға тырысу керек. Дегенмен тағы да қайталап айтамын, 90-жылдардағы жаппай көшу қайталанбайды.