Лениннің денесі жақын арада көміле ме? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лениннің денесі жақын арада көміле ме?

Лениннің денесі жақын арада көміле ме?

Ленинград облысының депутаты Владимир Петров елдің көсемі болған Владимир Лениннің денесін жер қойнауына тапсыру мәселесін шешу үшін арнайы комиссия құру керектігін ұсынды.

  • 14 Қараша 2018
  • 48
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы BAQ.KZ RT басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Петровтың пайымынша, революция көсемін өсиетнамаға сәйкес 2024 жылы яғни Лениннің өлгеніне 100 жыл толғанда қаралы рәсіммен шығарып салу керек. Сондай-ақ ол, бұрынғы салтты сақтау маңыздылығын айта келе Лениннің орнына дәл сондай жасанды дене қою керектігін жеткізді.

«Бұл қадамға бару арқылы бюджетті анағұрлым үнемдеуге болады, өйткені Владимир Лениннің денесін сақтау жұмыстары қымбатқа шығуда», — дейді ол.

Кеңес үкіметінің негізін салушының денесін жерлеу мәселесі Ресей қоғамында бұрыннан талқыланып келеді. Осындай пікір-талас 2017 жылы Қазан революциясының 100 жылдығында тағы көтерілген.

Сәуір айының соңында Мемлекеттік думада Лениннің денесін жер қойнауына тапсыру жөнінде заң жобасы енгізілген. Бұл жоба РЛДП мен "Единая Россия" партияларының өкілдерімен енгізілген, алайда кейін "Единая Россия" құжаттарын кері қайтарып алған. Бүкілресейлік қоғам пікірін зерттеу орталығының дерегінше, ресейліктердің 60% Лениннің денесін жерлеу керек деп жауап берген, оның жартысы бұны дереу жасау керек десе, қалған жартысы біраз уақыт күте тұру керек деген ойын білдірген.