Тараздағы "Ауыл-Береке" базарында киім сататын бутиктер өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тараздағы "Ауыл-Береке" базарында киім сататын бутиктер өртенді

Тараздағы "Ауыл-Береке" базарында киім сататын бутиктер өртенді

 

  • 25 Қараша 2018
  • 28
Фото - Caravan.kz

Таразда "Ауыл-Береке" базары өртенді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде өрттің видеосы пайда болды. Тілсіз жау бірнеше контейнерді шарпыған. Тауарларын құтқаруға тырысқан саудагерлер оларды көшеге тасыды. Тауарлардың басым бөлігі киім-кешек. ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің мәліметінше, киім сататын тоғыз бутик жанып кеткен. Алдын ала болжам бойынша, өрттің аумағы — 700 шаршы метр. Өрт сағат 09.47-де ауыздықталып, 10.01-де сөндірілді. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Жамбыл облыстық ТЖД-дан 49 адам мен 10 техника жұмылдырылды. Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ.