«Цифрлық Қазақстан». Аялдамаларда электронды табло - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Цифрлық Қазақстан». Аялдамаларда электронды табло

«Цифрлық Қазақстан». Аялдамаларда электронды табло

Қазақстанның барлық салаларын және экономикасын цифрландыру – бұл әлемдік аренада озат позицияларда болу, сондай-ақ азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту мүмкіндігі болып табылады.

  • 26 Қараша 2018
  • 3038
Фото - Caravan.kz

Цифрлық Қазақстан бағдарламасы аясында Алматы қаласының аялдамаларында жыл соңына дейін электронды таблолар орнатылады. Электронды таблода қоғамдық көлік бағытының нөмірі мен жұмыс уақыты көрсетіледі.

"Әкімдік аялдамаларға цифрлы таблолар орнатуға қарсы емес. Мұнда оларды қала бюджетінен тыс қаржы есебінен орнату туралы айтылды. Алғашқы табло Тимирязев көшесі бойындағы BRT желісінде жыл соңына дейін пайда болады. Бұл істі Көлік холдингі өз мойнына алып отыр. Мегаполис әкімінің тапсырмасына орай біз бұл істі бюджеттен тыс қаржы есебінен орындаймыз және қаланың ірі тораптық аялдамаларын цифрлы таблолармен қамтамасыз етеміз", — деп мәлімдеді қазан айында Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Талғат Хосчанов.

Ол өзінің сөзінде 200 мыңнан астам тұтынушының онлайн-режимде карта бойынша көлік қозғалысын "Оңай" қосымшасындағы QR-коды арқылы білетінін жеткізді. 360 мың белсенді қолдауншы CityBus қосымшасын пайдалануда.

Қоғамдық көлік тұтынушыларының электронды таблоға көзқарастары төмендегідей болды:


— Қоғамдық көлікті қанша уақытта келеді деп алаңдап тұрмайтын болдық. Таблода қанша уақытта келетіні көрсетіліп тұр. Еліміздің өркендеп дамып жатқанының белгісі деп білемін.

— Халықтың жағдайын жасап жатқан үкіметке рахмет. Телефон қолданбайтын мен сияқты үлкен кісілерге алғысым шексіз, дейді зейнеткер.

Айта кетерлігі, жыл аяғына дейін Алматыда жаңа қоғамдық көліктің үлесі 87 пайызға дейін жететін болады.

Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.