Алматы облысында ұрланған бір үйір жылқы сойылғалы жатқан жерінен табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында ұрланған бір үйір жылқы сойылғалы жатқан жерінен табылды

Алматы облысында ұрланған бір үйір жылқы сойылғалы жатқан жерінен табылды

Алматы облысының полицейлері ұрланған бір үйір асыл тұқымды жылқыны иесіне қайтарды. Барымташылар сәйгүліктерді Еңбекшіқазақ ауданының Тескенсу ауылынан айдап әкеткен.

  • 27 Қараша 2018
  • 59
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқапарат хабарлайды. 

Жедел іздестіру барысында тәртіп сақшылары ұрланған үйірдің ізіне түсіп, жылқыларды бауыздағалы жатқан жерінен алып қалған. Тұлпарлар сол ауданға қарасты Қазақстан ауылының маңынан табылды. Анықталғандай барымташы жылқыларды алып-сатарға өткізіп үлгерген. Өз кезегінде қасапшылар малды союға дайындалып жатқаны белгілі болды.

Айта кету керек, жылқы иесі жоғалған малын бірнеше миллионға бағалаған болатын.  

«Мал ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК 188-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. 37 жастағы жергілікті тұрғын күдікті ретінде қамауға алынды», — деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Сондай-ақ, ұрланған жылқыларды сатып алған саудагер де қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. Алматы облысында полицейлер жыл басынан бері  1000 басқа жуық малды іздеп тауып, иелеріне қайтарған.