Зайырлыларды діндарландыру керек, діндарларды зайырлыландыру қажет – Қайрат Құрманбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зайырлыларды діндарландыру керек, діндарларды зайырлыландыру қажет – Қайрат Құрманбаев

Зайырлыларды діндарландыру керек, діндарларды зайырлыландыру қажет – Қайрат Құрманбаев

Былтыр Елбасы дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітіп, арнайы Жарлыққа қол қойғаны белгілі.

  • 10 Желтоқсан 2018
  • 489
Фото - Caravan.kz

Тұжырымдаманың негізгі мақсаты мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын нығайту және дінді деструктивті мақсатта пайдалануға жол бермеу болып табылады.

Жалпы зайырлылық дегеніміз не, еліміздің зайырлылық қағидаттарын қалай нығайтуға болады. Осындай бірқатар сауалдар бойынша Caravan.kz медиа-порталына «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев жауап берді.

— Мемлекеттің зайырлылық қағидаттарын нығайтуға және діни экстермизм мен деструктивті діни ағымдардың іс-әрекетіне қарсы тұру жүйесін дамытуға соңғы кездері неліктен басымдық беріліп отыр?

— Біз зайырлы мемлекет деп айқындалдық. Зайырлы, құқықтық демократиялық мемлекет екеніміз белгілі. Бірақ кейінгі кездері біздің елде немесе ғаламдық деңгейде алатын болсақ діни ахуал бойынша кейбір мәселелер туындап отырғаны анық. Бірақ мына мәселені түсінуіміз керек. Мәселе дінде емес, мәселе дін ұстанушыларда. Дінді түсінуде және түсіндіруде. Түсініспеушіліктен радикалды көзқарастар туындап отыр. Жалпы діннің өзінде, хақ дін исламда ондай радикалдыққа немесе қоғамда бүлік туындатуға жол жоқ. Бұл жерде жол беріп отырған дінді қате түсінушілер, дінді ұстанушылар. Біз осының басын ашып алуамыз керек. Дін зайырлылыққа да, өркениетке де, дін барлық уақыт, заман, қоғам, кеңістік яғни барлығына жауап беретін әмбебап құбылыс. Сондықтан көпшілік халық қазіргі уақытта дінге күйе жағып, радикалдылыққа алып келеді деп түсінеді. Сондықтан біз кемшілікті дінді ұстанушылардан іздеуіміз керек. Ал зайырлылықты бірінші кезекте түсінетін болсақ біздің қоғамда мемлекеттік саясат және құзырлы немесе мемлекеттік құзырлы мекемелерден келген дін өкілдеріне зайырлылықты насихаттап жатыр. Зайырлы болуымыз керек. Дін адамдары көбіне саясатқа кереғар әрекет жасайды деп айтудың себебі бар. Зайырлылықты бірініші анықтап алуымыз керек. Зайырлылық деген идеология емес. Зайырлылық — бір құрылым немесе жүйе, ұстаным. Ал біздің діндарларда зайырлылық дегенді естіген кезде «дінсіздік» деген ұғым қалыптасқан. Өйткені барлық интернет желісінен зайырлылық «светское» немесе «альмания» қазақша, түрікше басқа да тілдерден іздейтін болсақ барлығы дінсіздікке саяды. Зайрылылық немесе светскость деген өздердің барлығының мағынасы немесе ұғымы дінсіздіке саяды. Сол үшін біздің қоғамда зайырлылықты айтқан кезде жалпы халық немесе эмоционалды діндарлыққа бой алдырған көпшілік дінсіздікті ұғады да, біздің мемлекеттің жүргізіп отырған саясатына кереғар түсініктер пайда болады. Сөйтіп мемлекетті мойндамайды. Өйткені, мемлекет дінсіздікке үндеп отыр деген түсінік қалыптасып тұр. Сондықтан біз зайырлылықтың дұрыс мағынасын жалпы халыққа ұғындыра білмеген шығармыз.

— Діни радикалимзмге бой ұсынғандар немесе деструктивті ағымдардың өздері биліктің, мемлекеттің саясатын дұрыс түсінуге тырысып отырғандары бар ма?

— Радикалдар мемлекетке қатысты дұрыс саясат ұстанбай отыр. Яғни, зайырлылықпен ұштастыратын болсақ демек мемлекет бұл дінсіз мемлекет, бұған бағыну бойсұну дұрыс емес деген ұстанымдағы радикалдар мемлекетке, саясатқа бағыну, басшыға бағыну мәселесінде дұрыс көзқарас ұстанбай отыр. Сондықтан деструктивты зайырлылықпен байланыстыратын болсақ бір жақтан осындай түсініспеушілік бар. Яғни, діндарлар мен зайырлылықтың арасында алшақтық болып тұр. Қазіргі біздің саясатымыз осы екі араны жақындату болу керек. Жалпақ тілмен айтқан кезде зайырлыларды діндарландыру керек, діндарларды зайырлыландыру қажет. Дінді ортағасырлық түсінікпен шектемеу керек. Дін жалпы өміршең құбылыс. Барлық заман, уақыт, қоғам, кеңістікке жауап бере алатын бұл хақ дін. Енді оны сонау 7-8 ші ғасыр немесе орта ғасырмен шектейтін болсақ бізде радикалдылық пайда болады.

Екіншіден, радикалылық неден пайда болады? Дінді сол заманның логикасымен немесе сол заманның формасымен түсіну. Формалды түрде яғни формалық түрде түсіну. Әсілінде дін мағына, мазмұн, рух. Діннің өзегі осы. Форма заманға, қоғамға қарай өзгере береді. Егер біз белгілі кезеңнің формасымен шектеле беретін болсақ, ол кезде біз радикалданамыз. Өйткені заманның талабына жауап бере алмаймыз. Ал мағына, мазмұн өзгермейді, форма өзгере береді. Дінде кейбір радикалды топтардың шектен шыға беруінде де олар сол пайғамбар заманы немесе алғашқы кездегі кейбір діни мәтіндерді, формасын түсінеді де буквализмге бой алдырып, соның салдарынан формамен шектеледі. Киім кию, жүріс-тұрыс немесе діннің басқа да формалары бар.Соның қасаң қағидаттарымен шектеледі де мазмұнына, мағынасына үңілмейді. Мақсатына үңілмейді. Өйткені діннің көздейтін асыл мақсаттары бар. Пайғамбарымыздың сөзі, айтпақ ойы, мақсаты негізге алыну керек. Сол кезде біз кейбір деструктивтіліткен арыламыз. Зайырлылықтың да бізге айтылып отырған мемлекет діннен бөлінеді деген тенденцияда жалпы формасынан бөлінетін шығар, өйткені мазмұнына келген кезде екеуінің де саясаттың да, зайырлылықтың да зерттейтін тоғысатын оъбектісі ол — адам. Сол себепті екеуін де бір жерге тоғыстыру қажет. Заманның қоғамның талабына сай икемдеп, бейімдеп түсіну керек

Ол дінде де бар яғни рабымның жолына даналықпен шақыр дейді. Даналық дегеніміз ол заман, қоғам, аудиторияға, заман талабына сай сөз айту, әрекет ету. Сол секілді пайғамбарымыздың хадисі бар «сендер дүние істеріңде менен артық білесіңдер» дейді. Мысалы шариғат «әуретіңді жап» дейді. Ал оны немен жабасыз оны қоғам, заман, уақыт, салт реттейді. Сол секілді шариғат «адал ас іш» дейді. Ал не ішу кере, қандай ас ішу керек, қалтаңа қарай, уақытыңа қарай, салтыңа қарай өзі реттеледі береді. Шариғат ары қарай егжей тегжейіне араласпайды. Мемлекетік басқару ісіне келетін болсақ шариғат егжей тегжейлі механизімдерін, тетіктерін ұсынбайды. Шариғат қоғамның, уақыттың өзгеру мен өзгермейтін негізгі құндылықтарды береді, яғни адалдық, туралық, шыншылдық кеңесу ақылдасу секілді. Қай заман, қоғам болсын осындай негіздерді ұсынады. Бірақ сол негіздерді жүзеге асырудың негізгі механизмдерін адамға, қоғамға, заманға қалдырады. Енді сол негіздерді жүзеге асыруымыз керек. Оны жүзеге асырудың жолдары әр түрлі. Оны парламенттік жүйе ме, әлде басқама, әлде монархиялық жүйемен іске асыра ма оны білмейміз ғой. Әр түрлі саяси басқару жүйелері бар. Бірақ негізгілері өзгермеу керек, ол ортақ құндылықтар.


— Біз зайырлы мемлекетпіз. Мұндай қоғамда агрессиялы діни насихатқа жол берілмейді дейміз. Радикалдылықтың пайда болуына өзге де қандай себептер бар?

— Бізде зайырлы қоғам деген көп айтылады. Оны дінсіздік деп түсінетін болсақ оны қате түсінеміз. Неге? Өйткені зайырлы қоғамның өзінде бізде 3 мыңнан аса мешітіміз бар. Қаншама шірекулеріміз бар. Ондаған діни оқу орындары бар. 9 медресе, бір университет. Мемлекет грант бөліп исламтанушы мамандар даярлап жатыр.Әрине онда қалай дінсіз қоғам деп айтамыз. Зайырлы қоғамды дінсіздікпен ұштастыратын болсақ, мемлекет мұндай мамандарды даярламау керек еді ғой. Ондай діни оқу орындарына жол бермеу керек еді. Сондықтан біз қазіргі практикаға қарасақ ол зайырлылық ол дінсіздік емес екенін түсініп отырмыз.

Діни радикализмнің деструктивті ағымдардың туындауына өте көп себеп бар. Оның тұлғалық себептері, кейбір экономикалық себептері, көбіне ықпал ететін психологиялық діни факторлар бар. Сондықтан алдын алу кезінде, бізде көбіне теологтар айналысып кетті. Ол жеткіліксіз. Өйткені жан жақты кешенді зерттеу керек. Неге бізде радикалды топтар немесе деструктивты ағымдарға бет бұрушылар соңғы жылдары көп көрініс беруде. Соның біз психологиялық, социологиялық, конфликтологиялық тіпті терологиялық ғылыми негізде зерттелу керек. Біз Түркияны, Қырғызстанды мысалға алып, неге оларда осындай шетін мәселелер көрініс берген жоқ, неліктен біздің қоғамда бар, оған қандай геосаяси жағдаяттар немесе экономикалық, писхологиялық факторлар маңызды. Соның мамандар кешенді түрде зерттесе соның алдын алудың жолдарын кеңесе отырып қарастырылса нәтиже берер еді. Ал біз қысыммен ғана тоқтатық.

— Еліміздің зайырлылық жолында атқарылып жатқан жұмыстары барысында кейбір діни ағымдардың агрессиялық пиғылы көрініс беруі мүмкін дейсіз ғой?

— Жоққа шығара алмаймыз.Өйткені айтып отырмын ғой бізде зайырлылықтың атын айта бергенше затын түсіндіруіміз керек.Себебі қазір діни радикалды топтарға зайырлылық деп айтып көріңізші оларда бірден «дінсіздікке шақырып тұрсың ба» деген ойы болады, жүз пайыз қабылдамайды. Діндар қоғамнан мемлекетшіл заманына, қоғамына, жағдаяттарға қарай дінді түсіне білетін, көзі ашық, көкірегі ояу, заман ағымына ілесе білетін дін ұстанушы. Осы зайырлы. Біздің мемлекеттің де діндарлардан талап еткен осы негізі түптен келгенде.