Ұлттық экономика министрі ЕАЭО-да ортақ валюта енгізуге қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұлттық экономика министрі ЕАЭО-да ортақ валюта енгізуге қарсы шықты

Ұлттық экономика министрі ЕАЭО-да ортақ валюта енгізуге қарсы шықты

Сүлейменов бұл ресейлік тараптың ресми ұсынысы емес екенін атап өтті

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ЕАЭО елдерінде бірыңғай электронды валюта енгізуге қарсы екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputniknews.kz.

  • 19 Желтоқсан 2018
  • 21
Фото - Caravan.kz

Ресейдің қаржы министрлігі ЕАЭО елдерінде (Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения) трансшекаралық есеп жүйесіне бірыңғай электронды валюта енгізу идеясын қолдаған болатын.

Бүгін мәжіліс кулуарында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бұл идеяны қолдамайтынын ашық айтты.

«Біз қолдамаймыз. Бұл менің жеке әрі саяси тұлға ретіндегі позициям»,- деді министр.

Сүлейменовтің пікірінше, ұлттық валюта – ту, елтаңба, әнұран сияқты ел егемендігінің символы. Сондықтан оны барынша қорғап, дамытып, сақтауымыз керек.

Министр бұл ұсынысты Ресейдің ұлттық төлем кеңесі жасағанын атап өтті.


«Оларда бірқатар ұсыныс бар, бірақ бұл Ресей тарапының ресми ұсынысы емес. Мұндай идеяны Қазақстанның кез келген қаржыгерлер қауымдастығы да көтере алады», — деді Сүлейменов.