Астанада көктайғақтан 200-ден аса адам зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада көктайғақтан 200-ден аса адам зардап шекті

Астанада көктайғақтан 200-ден аса адам зардап шекті

Елордада Жаңажылдық мереке күндері травматология бөлімшесіне 240 адам көмек сұрап келді.

  • 3 Қаңтар 2019
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«2018 жылдың 31 желтоқсаны мен 2019 жылдың 2 қаңтары аралығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Травматология және ортопедия» ғылыми-зерттеу институты» РМК жанындағы травматология пунктіне медициналық көмек көмек сұрап 240 адам жүгінді. Оның ішінде 140 адам көшеде жарақат алған. Жарақаттың басым бөлігі — жаралап алу мен сынық»,  — делінген таратылған мәліметте.

Емдеу мекемесінің дерегінше, медициналық көмекке жүгінгендердің басым бөлігі, яғни 87  адам  2 қаңтар күні келген. Олардың 48-і көктайғақ салдарынан жарақат алған.


«Қысқы кезеңде травматология пункт күн сайын шамамен 70 адамға қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта пункт штаттық режимде жұмыс істеп тұр», — дейді баспасөз қызметі.