Халықаралық бокс ұйымы (IBO) барлық салмақтағы рейтингті жаңартты. Соның негізінде екі қазақстандық боксшы 100 үздіктің қатарынан шығып қалды.
Иван Дычко 89-шы орнын сақтап қалды.
Бейбіт Шүменов 32-ші орыннан 27-ші орынға көтерілді. Иса Акбербаев ТОП-100 ден ұшып кетті.
Әли Ахмедов 34-ші орнын сақтап қала алмады, қазір ол 49-шы сатыға жайғасқан.
Айдос Ербосынұлы 97-ші орыннан 56-шы орынға көтерілді.
Орта салмақта Геннадий Головкин бірінші орында, Мейірім Нұрсұлтанов 59-шы орыннан 74-ке сырғыды.
Бахтияр Эюбов, 95-орнын жоғалтып, жүздіктің қатарынан шығып қалды.
Бірінші орта салмақтағы Батыр Жүкембаев 27-ші орында.
Жеңіл салмақтағы Абылайхан Хусаинов 99-шы орында.