Түркістан тұрғыны 30 млн теңгенің жылқысын ұрлады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістан тұрғыны 30 млн теңгенің жылқысын ұрлады

Бәйдібек аудандық полиция департаментінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Ол 2018 жылдың наурызында белгісіз азаматтардың жайылымнан 30 жылқысын ұрлап кеткен айтқан. 

Аталған факт ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелімінде тіркелді.  Сондай-ақ полиция бөліміне дәл осындай шағыммен тағы бірнеше зардап шегуші арызданған.

Мал ұрлығы қылмысын ашу үшін арнайы шұғыл-тергеу тобы құрылды. Оған Түркістан облысы криминалды полиция басқармасының тәжірибелі қызметкерлері кірген. Олар күдіктілерді ұстау үшін бірқатар шұғыл іс-шараларды жүргізді.

Сәтті жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде осы жылдың басында облыстық тәртіп сақшылары Түркістан қаласының тұрғынын қамауға алған.

Тергеу барысыда күдіктінің Бәйдібек ауданында тіркелген 4 мал ұрлығына қатысы бар екенін анықталды. Ол жайылымнан 70-ке жуық жылқыны ұрлап, зардап шегушіге 30 млн теңгеден астам шығын келтірген.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. 

Енді полиция қызметкерлері ұрланған малдың қайда және кімге жеткізілгенін анықтайды. 

Ұрланған малдың жартысы заңды иесіне қайтарылды.

  • 10 Қаңтар 2019
  • 34
Фото - Caravan.kz

Түркістан облысының криминалды полиция қызметкерлері Бәйдібек ауданындағы жайылымнан мал ұрлаған күдіктіні ұстады.