Әйел 18 жастағы қызын ұзақ уақыт бойы зорлап келген күйеуін өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйел 18 жастағы қызын ұзақ уақыт бойы зорлап келген күйеуін өлтірді

Әйел 18 жастағы қызын ұзақ уақыт бойы зорлап келген күйеуін өлтірді

Жантүршігерлік оқиға Өзбекстанның Самарқан облысында болған

  • 4 Ақпан 2019
  • 79
Фото - Caravan.kz

 Өзбекстанның Самарқан облысы Пахтачи ауданы тұрғыны күйеуін өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды centralasian.org.

Оқиға 26 қаңтарда "Жахонобод" махалласында болған. Өзбекстанның ҚК 97-бабы (Қасақана кісі өлтіру) бойынша айыпталған әйел тергеу барысында күйеуі екеуінің 18 жастағы қызын үнемі зорлағанын мәлімдеді.

Самарқан облысы ішкі істер басқармасының қызметкері айтқандай, 48 жастағы ер адамның мәйіті 27 қаңтарда табылыпты, бірнеше жерден үшкір әйнек сұғылған.

"Тергеу барысында оқиғаның 26 қаңтарда жергілікті уақыт бойынша 22:00-де болғаны анықталды. Ұсталған азаматша У.У. күйеуінің бетінен әйнек ыдыспен ұрып, аяғымен теуіп, жарақаттағанын мойындады. Қазір әйел қамауда. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр", — деп хабарлады облыстық милицияның қызметкері.

Өзбекстанның ішкі істер министрлігі мәліметіне сүйенсек, 2018 жылы елде тіркелген 70-тен астам кісі өлтіру оқиғасы ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал салдарынан болыпты. 61 жағдайда күйеуі әйелін өлтірсе, 10 жағдайда ер адам әйелінің қолынан ажал құшқан.