Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.
"Министрді ақтап алатын мақалалар жазыла бастапты!
Ол енді "Ана" екен.
Кеше ғана мен "Ана" емеспін деп бүкіл елге жариялап еді.
Бүгін енді орыс тілді блогерлер арқылы өзінің ана екені жайлы сәлемдеме айтып жіберіпті.
Бес періштенің үйіне барғанын да мақтана кетіпті.
Ия өлген жерге барып, күл сипап қайтқаның кімге керек Мадина?
Періштелер қайта келмейді ғой!
Егер де сен айына 100 мың беретін реформа шығарғаныңда, сол сәбилер тірі қаларма еді?
Сен өзіңді қанша ақтапа мақала жазғызсаңда, бес қыздың қаны сенің қызметтік тарихыңда қанмен жазылып қалады. Оны өшіре алмайсың", — деп жазды заңгер Айгүл Орынбек.
Естеріңізге сала кетейік, министр Мәдина Әбілқасымоваға "бес баланың өлімі сенің мойныңда", — деп жазба қалдырған еді.