Fly Arystan билеттері қашан сатылымға шығатыны белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 513
  • 541.16
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
29 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Fly Arystan билеттері қашан сатылымға шығатыны белгілі болды

Fly Arystan билеттері қашан сатылымға шығатыны белгілі болды

«Биыл мамыр айында Fly Arystan әуе компаниясы өз жұмысын бастайды. Екі ұшақ Қазақстанда дайын тұр. Жыл соңына дейін су жаңа төрт А320 ұшақтары алынады. Қазіргі таңда әуе компанияның жұмысы бойынша заңнамаға сәйкес өзгертулер енгізіп жатырмыз», - деді ол Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Осы орайда министр аталған әуе компания билеттерінің құны Air Astana бағасынан екі есеге арзан болатынын атап өтті.

«Мәселен, түрлі бағытқа Air Astana билеттері шамамен 100 долларды құрайды. Бұл баға сатып алу мерзіміне байланысты өзгеріп отырады: бір апта бұрын алсаңыз - бір баға, үш күн бұрын алсаңыз - басқа баға дегендей. Fly Arystan билеттері Қазақстан бағыттары бойынша шамамен 40-45 доллар болады деп болжаудамыз. Демек, (аталған әуе компания билеттері – автор) Қазақстандағы Air Astana, BekAir, Scat компанияларынан анағұрлым төмен», - деді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар ол Fly Arystan билеттерін наурыз айының басынан сатып алуға болатынын хабарлады.

«Міндетіміз Қазақстан азаматтарына ұшақ билетін қолжетімді ету. Мұнда көрсетілетін қызмет те өзгешелеу болады. Әдеттегідей тегін 20 келі емес, 5 келі жүк орны беріледі. Одан артық жүк үшін қосымша ақы төлеуге тура келеді. Жаңа әуе желісіне бюджеттен немесе «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорынан қосымша қаржы бөлінбейді. Бұл компания Air Astana қаражаты есебінен жұмыс істейді», - деп түйіндеді сөзін министр.
 

  • 6 Ақпан 2019
  • 20
Фото - Caravan.kz

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек жаңа Fly Arystan әуе компаниясының қашан жұмыс істейтінін айтты.

«Биыл мамыр айында Fly Arystan әуе компаниясы өз жұмысын бастайды. Екі ұшақ Қазақстанда дайын тұр. Жыл соңына дейін су жаңа төрт А320 ұшақтары алынады. Қазіргі таңда әуе компанияның жұмысы бойынша заңнамаға сәйкес өзгертулер енгізіп жатырмыз», — деді ол Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Осы орайда министр аталған әуе компания билеттерінің құны Air Astana бағасынан екі есеге арзан болатынын атап өтті.

«Мәселен, түрлі бағытқа Air Astana билеттері шамамен 100 долларды құрайды. Бұл баға сатып алу мерзіміне байланысты өзгеріп отырады: бір апта бұрын алсаңыз — бір баға, үш күн бұрын алсаңыз — басқа баға дегендей. Fly Arystan билеттері Қазақстан бағыттары бойынша шамамен 40-45 доллар болады деп болжаудамыз. Демек, (аталған әуе компания билеттері – автор) Қазақстандағы Air Astana, BekAir, Scat компанияларынан анағұрлым төмен», — деді Жеңіс Қасымбек.



Сонымен қатар ол Fly Arystan билеттерін наурыз айының басынан сатып алуға болатынын хабарлады.

«Міндетіміз Қазақстан азаматтарына ұшақ билетін қолжетімді ету. Мұнда көрсетілетін қызмет те өзгешелеу болады. Әдеттегідей тегін 20 келі емес, 5 келі жүк орны беріледі. Одан артық жүк үшін қосымша ақы төлеуге тура келеді. Жаңа әуе желісіне бюджеттен немесе «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорынан қосымша қаржы бөлінбейді. Бұл компания Air Astana қаражаты есебінен жұмыс істейді», — деп түйіндеді сөзін министр.