Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Отбасы үшін шекараны заңсыз өтіп кеткен Сайрагүл адвокатымен сөйлесіп, түсінбестік жайттардың барлығын шешкенін айтты.
"Бүгін адвокатым Абзал Құспан хабарласып, барлық жағдайды түсіндірді. Арамыздағы кейбір түсініксіз сұрақтардың барлығына толық жауап берді. Бастаған жұмысымды орта жолда аяқсыз қалдырмаймын, бұл жолды соңына дейін жалғастырамын әрі бұдан үнемі хабарда боламын деп уәде берді. Сол себепті Абзал Құспанмен жұмыс жасай беруге келістік. Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы босқындар ісі жөніндегі жоғары комиссарға жүгініп, мандатты босқын мәртебесін алу үшін адвокатым Абзал Құспанмен бірге жұмыс жасайтын боламыз. Мен халықаралық құқық қорғау ұйымдарының менің осы Біріккен Ұлттар Ұйымынан мандатты босқын мәртебесін алу жұмысыма ықпал етулеріңізді жалынышпен сұраймын", — деген Сайраүл Сауытбай сөз соңында өзіне қолдау білдірген барша қазақ халқына алғысын айтты.
САЙРАГҮЛДІ АБЗАЛ ҚОРҒАЙДЫ! Енді Елдің көңілі тынышталды! Қазақ қызының Қазақ Елінде қалуын тілейміз! САЙРАГҮЛ ТАҒДЫРЫН САУДАҒА САЛМАҢДАР! Бүгін түске дейін "САЙРАГҮЛ АБЗАЛДАН АЙРЫЛҒАН КҮНІ САЙРАГҮЛДЕН ДЕ АЙРЫЛЫП ҚАЛМАЙЫҚ!"-атты жазба жазып, уатсаптағы "Тілектестер" тобына жариялап едім. Онда былай деген болатынмын: "Енді қазір Сайрагүлдің Абзалдың адвокаттығынан бас тартқан видеосын көріп таңғалып отырмын! Бекер болды Сайрагүл! Мұның артында тұрғандарға, Серікжан бола ма, одан жоғарылар бола ма, айтарым, жеке бас араздығы үшін Сайрагүлдің тағдырын саудаға салып, кеше басқаша, бүгін басқаша сөйлетіп, бұрап қойып сөйлететін қуыршаққа айналдырып, ойыншық жасауға болмайды! Ақшасын төлесең адвокат табылады, бірақ Абзалдай ешкім жан-тәнімен біліктілікпен тегін қорғай алмайды! Сайрагүл Абзалдан айрылған күні Сайрагүлден де айрылып қалмайық, ағайындар! Ең басты мәселе — Қазақ қызын Қазақ Елінде алып қалу!"-деп едім. Енді міне, Абзал бауырымнан жақсы жаңалық келді қазір. Сайрагүлмен сөйлесіп, оны бұрынғыдай өзі қорғай беретін болып келісіпті. Енді дұрыс болды! "Бірлік түбі — тірлік" деген осы! Сайрагүлдің не дегенін оның қазір жасаған видеосынан тыңдаңыздар. Толық нұсқа сілтемеде: https://qazaquni.kz/2019/02/06/95615.html
Posted by Қазыбек Иса on Wednesday, February 6, 2019
Естеріңізге сала кетейік, Сайрагүл Сауытбай кеше ғана адвокаты Абзал Құспаннан бас тартқанын ресми түрде хабарлап, видеоүндеу жариялаған болатын.