“Ұлыммен қиын”: Тұрсынғали Алагөзов балаларымен қарым-қатынасы жайлы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Ұлыммен қиын”: Тұрсынғали Алагөзов балаларымен қарым-қатынасы жайлы айтты

“Ұлыммен қиын”: Тұрсынғали Алагөзов балаларымен қарым-қатынасы жайлы айтты

Тұрсынғали Алагөзов бірінші отбасынан кетіп, экс-Есентаевамен бір шаңырақ астында тұра бастағаннан кейін оның балаларымен де арасы үзілді. Тіпті, қызы Әмина әкесінің тегінен бас тартып, атасын сотқа берді. Сол сияқты ұлы Арсеннің де әкесін сотқа бергені ел есінде. Ал бүгінде кәсіпкердің балаларымен ара-қатынасы қандай?

  • 8 Ақпан 2019
  • 111
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Алагөзов Тимур Балымбетовтың “Шыны керек” бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

Алагөзовтің айтуынша, жұрт оны балаларын ойламайтын тасжүрек деп ойлайды. Алайда кәсіпкер олар туралы ойлағанда қынжылып қалатынын жасырмады.

“Адам біреудің өмірі туралы бірдеңе айту үшін соның жолымен жүріп көруі тиіс. Бұл туралы сөз етудің өзі әдептілікке жатпайды. Ел жазса жаза берсін, құқықтары бар шығар.

Ал балаларыма келсек, қазір ұлыммен қарым-қатынасым қиын. Ал қызыммен біраз түзеліп қалды. Олар – ересек адамдар. Бұл уақыт еншісіндегі мәселе, күндердің күнінде бәрі қалыпқа келеді деп үміттенемін. Оған көзқарасым бірқалыпты. Ол туралы айтпасам, ештеңе сезбеймін деген сөз емес. Мен де адаммын, уайымдаймын, кейде жаным ауырады. Дегенмен уақыт бәрін орнына қояды деп үмітімді үзбеймін”, – дейді Алагөзов.