Жыл басынан бері теңге тұрақты – Ақышев - kaz.caravan.kz
  • $ 543.24
  • 619.89
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
1 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жыл басынан бері теңге тұрақты – Ақышев

Жыл басынан бері теңге тұрақты – Ақышев

Үкіметтің кезекті отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев ұлттық валюта тұрақты екенін мәлімдеді. 

  • 12 Ақпан 2019
  • 15
Фото - Caravan.kz


«2019 жылғы қаңтарда айлық инфляция 0,5% болды. 14 қаңтарда ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,25 деңгейінде сақтады. Базалық мөлшерлеме деңгейі инфляцияның 4,6% жаңа дәлізде болуын қамтамасыз етеді. Жыл басынан бері долларға теңге бағамының ұлғаюы байқалады. 8 ақпанда теңге бағамы 1,4% ұлғайып, бір доллар үшін 178 теңге 73 тиын болды», — деді Ақышев. 

Ұлттық банк төрағасы теңгенің нығаюуына көрші жатқан Ресейдегі рубльдің нығаюы ықпал етіп отырғанын айтты. 

«2018 жылы ұлттық валютамен ашылған депозиттер 4,5% өсті. Сондай-ақ, доллармен ашылған депозиттер 7% төмендеді. Депозиттерді долларландыру желтоқсан айының соңында 48% болды», — деді ол. 

Данияр Ақышевтың айтуынша кредит нарығы қалпына келтірілуде. 

«Кредит беру нарығы қалпына елуде. Өткен жылы жаңа кредиттер бері 24% немесе 2,16 трлн теңгеге өсті. Экономиканы несиелендірудің жылдық өсімі 7% немесе 884 млрд теңгеге бағаланып отыр. Кәсіпорындарға несие берудегі мөлшерлеме жыл басында 13,2%, желтоқсанда 11,7% дейін төқмендеді», — деді Ақышев.