Оқиға 16 ақпанда таңертең Алматы облысы Қарасай ауданында болды. Куәгерлердің айтуынша, Toyota автокөлігі Карьерная көшесінде келе жатқан, кейін белгісіз себептермен жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Нәтижесінде қарсы бағытқа шығып, сайға құлаған, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Оқиға болған жерге ТЖ қызметкерлері шақыртылды, олар гидравликалық құралдардың көмегімен жүргізушіні алып шықты. Алайда 1999 жылғы жігіт жедел жәрдем келгенше қайтыс болды.
Тағы бір жол-көлік оқиғасы 16 ақпанда күндіз Рысқұлов даңғылына жетпей, Сайын көшесі бойында болды. Куәгерлердің айтуынша, BMW жүргізушісі солтүстік бағытта келе жатып көлікті тізгінінен шығарып алған, кейін металл қоршауды бұзып, одан әрі қарсы беттегі Audi көлгін соққан.
Апат салдарынан BMW жүргізушісі көлік ішінде қысылып қалған, оны да құтқару үшін гидравликалық құралдар қажет болды. Құтқарушылар есікті кесіп, жәбірленушіні шығарып, дәрігерлердің қолына тапсырған. Жүргізуші түрлі жарақат алып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді.