Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
Оның күйеуі Бақыт Әлдибековтің айтуынша, Айзада Сатыбалдиеваның әлі денсаулығы қалпына келе қойған жоқ. «Сол күні не болғаны есінде жоқ. Ал туыстарын таниды. Басы қатты ауырады. Соққы басына тиген. Қабырғалары сынған. Біреуі үш жерден сынып кеткен. Денесінің сол жағы жансызданып қалды. Дәрігерлер қайта қалпына келуге 5-6 ай немесе 1 жыл уақыт кетеді», — деді күйеуі. Сонымен қатар ол Шолпан және қасындағылардың қайтыс болғанын білмейді. «Біз оған жарақат алған сен ғана басқалары жақсы дедік. Ол айыптыны кешіруді сұрады. Сонда ғана Алла жазылуына көмектеседі деді», — деді Бақыт Әлдибеков. Ер адам соттан моральдық материалдық шығындарды өтеген жағдайда бас бостандығынан айырудың қажет етпейтін жаза тағайындауды сұрады. Айта кету керек, қайғылы оқиға 29 желтоқсанда болған еді. Абай мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында Gelаndеwagen бағдаршамның қызыл түсіне өтіп Galant көлігін соққан. Жол апатынан 3 адам — Galant жүргізушісі мен екі жолаушы көз жұмды. Олардың бірі белгілі актриса Шолпан Елгезек. Кейін 34 жастағы Gelаndеwagen жүргізушісі мас болғаны анықталды. Gelandewagen маркалы автомобиль жүргізушісі, 1985 жылғы Кар Ілияс ҚР ҚК-нің 345-бабы мен 347-бабы бойынша сот алдында жауап берді. Айта кетейік, аталған жол апатынан аман қалған жалғыз жолаушы — актриса Айзада Сатыбалдиева ауыр халде ауруханаға түст