Бұл туралы Mash Telegram арнасына сілтеме жасаған Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
23 жастағы Темірлан Мәскеу мемлекеттік университетінің химия факультетінің 5 курсында оқып, оқу орынның жатақханасында тұрған. Ол бүгін өз бөлмесіне галстукты есіктің тұтқасына байлап, асылып қалған.
Жедел жәрдем тым кеш келгендіктен, қазақстандық студентті аман алып қалу мүмкін болмаған.
Полиция студенттің өз-өзіне не себепті қол жұмсағанын анықтап жатыр.