Қайтыс болған адамның несиесін кім төлейді? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қайтыс болған адамның несиесін кім төлейді?

Қайтыс болған адамның несиесін кім төлейді?

“Сұрақ-жауап” платформасында банкке борышкер адам қайтыс болғанда оның несиесі қалай қайтарылатыны туралы көп сауал қойылады. Оқырманның мұндай сұрақтарына заңгер Алмат Оңдасын жауап берді.

  • 26 Ақпан 2019
  • 147
Фото - Caravan.kz

Марқұмның несиесін мұрагері төлейді

Несие алушы қайтыс болған жағдайда заң бойынша несиені қайтару міндеттемесі тоқтамайды. Ол марқұмнан мұрагерге оның иелігіне өткен мүлік құны көлемінде беріледі. Бұл ҚР Азаматтық кодексінің 1040-бабы бойынша жүзеге асырылады.

Несиесі бар адам қайтыс болған жағдайда оның қарызы мұрагерлеріне міндеттеледі, сондықтан ол адам мұрагері ретінде қарызды қайтаруға міндетті, яғни мұрагер оның мүлкінен бөлек, қарыздарына да ие болады, – дейді заңгер.

Мұрагерлікке несие қалғаннан кейін оны төлеуге мүмкіндігіңіз болмаса, мұрагерліктен бас тартуыңызға болады. Ондай жағдайда мұрагерлік құқығы мен қайтыс болған адамның артында қалған мүлік несиемен бірге басқа мұрагерге беріледі. Мұрагер кәмелетке толмаған бала болса да мүлікпен бірге несие де соған жүктеледі. Бірақ олардың атынан мұрагерлікті қамқоршылары, жақын туыстары қабылдайды.

Мұрагерлікке қалған несиеге ары қарай пайыз қосылмауы керек. Өйткені несие келісімшарты жасалған адам қайтыс болды, яғни несие алушы қайтыс болса, барлық несие міндеттемесі тоқтатылады. Қалған несиені қайтару банк пен мұрагердің жеке келісімімен реттеледі. Мұрагердің қаржылық мүмкіндігі қайтыс болып кеткен несие алушыдан бөлек болуы мүмкін. Бұл жағдайда мұрагердің қаржылық мүмкіндігі есепке алына отырып, несиені қайтарудың мерзімі мен кестесі бекітіледі немесе қайтыс болған адамның қарызын қалдырып кеткен мұрасының құнынан аспаған сомасын ғана төлеуге болады. Мысалы, мұрагерлік мүлік 3 миллионға бағаланса, ал қайтыс болған адамның қарызы 5 миллион болса, мұрагер қайтыс болған адамның тек 3 миллион қарызын өтеуге міндетті, – дейді заңгер.

Сақтандыру компаниялары қандай жағдайда төлейді?


Несие алушы қайтыс болып, несие сақтандырылған болса, онда сақтандырушы компания келісімшартта көрсетілген мерзімде және көлемде қайтаруға міндетті.

Кейде, сақтандыру компаниясы сақтандырылушы қайтыс болғанына қарамастан сақтандыру төлемін төлеуден бас тартуы мүмкін. Мұндай келеңсіздіктер сақтандырылушы ішімдік, есірткі немесе сақтандырушыға ескертілмеген қатерлі дерті салдарынан қайтыс болған жағдайда ғана болады. Ескере кететін жайт – cақтандыру компаниясы сақтандыру келісімшартында қарастырылған сақтандыру сомасымен ғана шектеледі. Қарыз мөлшері сақтандыру сомасынан асып кеткен жағдайда ол ақшаны мұрагерлер төлеуге міндеттеледі, – дейді заңгер.

Сонымен бірге марқұмның мұрагері болмаған жағдайда қарыз беруші қарызын өндіре алмайды.