Жансейіт Түймебаев жаңа қызметке тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жансейіт Түймебаев жаңа қызметке тағайындалды

Жансейіт Түймебаев жаңа қызметке тағайындалды

Ол бұған дейін Түркістан облысының әкімі болған еді.

  • 1 Наурыз 2019
  • 16
Фото - Caravan.kz

Жансейіт Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды", — деп жазылған хабарламада.

Жансейіт Түймебаев 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университеті мен Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін тәмамдаған.

1980-1993 жылдары  Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушы, доцент болып еңбек етті.

1993-1994 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, бөлім бастығы болды.

1997-1999 жылдары  Қазақстан президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, Қазақстанның Ыстамбұл қаласындағы Бас консулы қызметтерін атқарды.


1999-2006 жылдары  ҚР президенті протоколының жетекшісі, Қазақстан Республикасы президенті протоколының жетекшісі — Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі болды.

2006 жылы Қазақстан Білім және ғылым министрі болып тағайындалды.

 2007-2010 жылдары Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі, 2010-2016 жылдары Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып қызмет атқарды.

2016 жылдың 7 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, ал 2018 жылдың 20 маусымында Түркістан облысының әкімі болып тағайындалған болатын.