Баян Алагөзованің қызы ұзатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баян Алагөзованің қызы ұзатылды

Баян Алагөзованің қызы ұзатылды

Баян Алагөзованің тұңғыш қызы Айсәйуле Бақытбек ұзатылды. Ұзату тойға өнер иелері тегіс жиналды. Тойды өнер әлемінде жүрген Тұрсынбек Қабатов басқарды.

  • 3 Наурыз 2019
  • 612
Фото - Caravan.kz

Наурыздың екінші жұлдызында Баян Алагөзова тұңғыш қызын ұзатып, құтты орнына қондырды. Айсәуле Бақытбек қазақы дәстүрмен ұзатылды. Тойға өнер иелері мен ағайын-туыстары, дос-жарандары келді. Ұзату той көңілді өтті. Тұрсынбек Қабатов тойдың сәнін келтіріп, әзіл айтты, тойдың тізгінен ұстады, деп жазды Stan.kz.

Айдарбековтер әулеті, Мәдина Сәдуақасова, Айгүл Иманбаева, Аша Матай, Айдана Меденова, Азамат Сатыбалды, Мадина Балғабаева, Динара Сәтжан, Тамара Асар, Дильназ Ахмадиева, Ерғали Әбдраимов т.б. көптеген танымал жандар той қонағы болды.

Өнер жұлдыздар қуанышты сәтті желіде жариялап, қуанышпен бөлісті. Екі жасқа ақ тілегін жазды.


Тойда Айсәуленің би билеу, жас жұбайлардың торт кесу рәсімі өтті. Соңғы сәтті Баян Мақсатқызы Айсәулеге ақ сәукеле тағып, шығарып салды.

"Ақ жол, қызым", — деп жазды Алагөзова желіде Айсәулені шығарып салу сәтін желіге жүктей отырып.