"Барселона" тағы да "Эль-Класиконы" жеңді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Барселона" тағы да "Эль-Класиконы" жеңді

"Барселона" тағы да "Эль-Класиконы" жеңді

 

  • 3 Наурыз 2019
  • 6
Фото - Caravan.kz


2 наурызда түнгі уақытта "Сантьяго Бернабеу" стадионында Испания біріншілігінің 26-шы айналымы аясында мадридтік "Реал" мен каталондық "Барселона" арасында ойын өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлемдегі ең тартысты кездесу болып саналатын қос команданың бұл жолғы ойыны 0:1 есебімен каталондықтардың пайдасына шешілді. Гол авторы — Иван Ракитич. Хорват ойынның 26-шы минутында қарсыластар қақпасынан саңылау таба білді. Еске салайық, 27 ақпанда, Испания кубогының қарымта ойынында "Барселона" футболшылары мадридтік "Реалды" ойсырата жеңіп, жарыс финалына шықты. Барселонада өткен бірінші ойын 1:1 есебімен аяқталған еді. Қарымта ойын Мадридтің "Сантьяго Бернабеу" стадионында болды, есеп 3:0. 60 ұпаймен каталондық команда көш бастап келеді, ал мадридтіктер үшінші орында тұр.