«Кувейттік тарап Қазақстан мен Кувейт арасында тікелей әуе рейсін ашуға ұсыныс жасады. Бұл екі ел арасындағы экономикалық, гуманитарлық және мәдени байланысты дамытуға серпін береді және туризмді дамытуға ықпал етеді», — деп жазылған хабарламада.
Мұндай оң мәселе ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың Кувейт Сыртқы істер министрлігінің басшысы шейх Сабах әл-Халед Ас-Сабахпен кездесуінде қозғалды.
Атап өткендей, кувейттік дипломат БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде атқарған жұмыстарына, сондай-ақ, осы халықаралық ұйым алаңында екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық деңгейі үшін алғыс білдірді.
«Тараптар екіжақты серіктестік мәселелерін, соның ішінде, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды қарқынды ету жайын талқылады», — деп жазылған хабарламада.