Қарынын дамбалдың ішіне қинап тығып "қалай қыздай болдым ба? " дегенде жыным ұстайтын - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарынын дамбалдың ішіне қинап тығып "қалай қыздай болдым ба? " дегенде жыным ұстайтын

Қарынын дамбалдың ішіне қинап тығып "қалай қыздай болдым ба? " дегенде жыным ұстайтын

Блогер Құралай Сейсенбекқызы Facebook желісіндегі парақшасында қызықты жазбасымен бөлісті.

  • 6 Наурыз 2019
  • 111
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Бұрын қырықтың қырқасындағы әйелдердің әжім іздерін жасырып, ақ шашын бояп, біртіндеп жұлып, көзін үлкейтіп-кішірейтіп, бетін опалап, салпиған сары қарнын умаждап-умаждап,3-4 размер кіші дамбалдың ішіне қинап тығып жатып, үміт оты жылтыраған көзімен жымысқылана жымиып : "қалай қыздай болдым ба? " дегенде, жыным ұстап, "өзгерген дым жоқ. Неменеге жанталасады" деп ойлайтынмын. Енді өзім де жымысқылана жымиып отырмын… Қайран уақыт! Қарынға қатпар түссе де, жүрегіңізге әжім түспесін, жеңгелер, құрбылар", — деп жазды блогер.