"Сүйісіп те көрген жоқпыз": Айгүл Иманбаева Азамат Сатыбалдымен қарым-қатынасы жайлы - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сүйісіп те көрген жоқпыз": Айгүл Иманбаева Азамат Сатыбалдымен қарым-қатынасы жайлы

"Сүйісіп те көрген жоқпыз": Айгүл Иманбаева Азамат Сатыбалдымен қарым-қатынасы жайлы

Азамат Сатыбалды мен Айгүл Иманбаева соңғы кезде елдің талқысына жиі түсіп жүр. Қос өнер иесі көңілді кештерде жиі бой көрсететін көрінеді.

  • 11 Наурыз 2019
  • 165
Фото - Caravan.kz

Жақында ғана Айсәуле Бақытбектің ұзату тойында театрдың екі майталманы би алаңын ешкімге бермеген, деп жазады Stan.kz. 

— Тойдың гүлі өзім болдым. Той менікі болды, сосын Азаматтікі болды, — дейді Иманбаева 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасында. 

Осы тойға журналистердің шақырылмағаны жақсы болған, деп есептейді Иманбаева. Актриса құрбысының қуанышында емін-еркін билеп, ортаны бермегенін айтады. 

"Енді Құдай-ау өзіміздің тойда билемеген соң қайда билейміз? Өткенде Ақботаның тойында да солай биледік. Бірақ сол жерде отырған апаларымыз, Толқын апамның өзі сұрағанда таңғалдым. — Айгүл, Азамат екеуіңде бәрі жақсы ма? — деген сияқты. 

Құдай-ау, қалай айтсам екен, жалпақ тілмен айтқанда сүйісіп те көрмедік деппін ғой. Шынымен неге барлық нәрсені жамандыққа балау керек? Әдемі достыққа, туысқандыққа ұласқан дүние. Азаматтың келіншегімен де, өзімен де… Екеуміз бір-бірімізді көрген кезде шүйіркелесе қалатын әдетіміз. Сырт көзге басқаша образ беріпті енді", — дейді Айгүл күліп.