БҒМ: Әліппе қайтарылады. Менталитетімізге сай тарих оқулығы дайындалады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҒМ: Әліппе қайтарылады. Менталитетімізге сай тарих оқулығы дайындалады

БҒМ: Әліппе қайтарылады. Менталитетімізге сай тарих оқулығы дайындалады

Ақтөбеде жұмыс сапарымен келген Үкіметтің жұмыс тобы тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова «Әліппе орнына қайтып келеді» деп жиналғандарды қуантты.  

  • 15 Наурыз 2019
  • 27
Фото - Caravan.kz

ҚР Білім және ғылым министрі ауысқан сайын елімізде білім бағдарламасының да ауысатыны үйреншікті жағдайға айналды. Дегенмен, «Әліппені» аңсайтындар көп. Ақтөбеліктерді өңірге жұмыс сапарымен келген жаңа ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова қуантты. Әліппе қайта оралады.

«Әліппеге байланысты айтайын, биылғы оқу жылында әліппені қайтарып үлгермейміз. Ал, келесі оқу жылында әліппе орнына қайтып келеді. Балаларға білімді өзі іздеуге үйретуіміз қажет», — деді Күләш Шәмшидинова.

Елде балаға білім беретін педагогтарды қайта даярлау қолға алынды. 144 мыңнан көп мұғалім курстардан өтеді. Мектеп психологтары, сынып жетекшілері де қайта даярланады.

«Жалпы мектептегі білімнің сапасы мұғалімнің сапасына байланысты. Алдағы үш жылда жаңартылған білім бағдарламаларына сай жаңа методикалық, технологиялық әдістемелерге үйрету үшін 144 мыңнан артық мұғалім қайта дайындау курстарынан өтеді. 82 мың мектеп психологы мен сынып жетекшілері де курстардан өтеді. 15 мыңнан артық колледж қызметкерлері мен педагогикалық университеттерде жұмыс істейтін педагогтар орта білімнің жаңаруына байланысты қайта оқытылады. Көп елді толғандырып, қайта-қайта айтылып жүрген мәселе – жоғарғы сыныптарда химия, физика, биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде беру. Мектепте сабақ беретін кадр, мектеп дайын болған кезде өздеріңізбен келісе отырып, кезең-кезеңімен көшетін боламыз», — деді министр.

Күләш Шәмшидинова елде мектептер салу туралы сұраныстар жер-жерден көп түсетінін де атап өтті. 2019-2021 жылдар аралығында Қазақстанда 190 мектеп салынады. Олар апаттық жағдайдағы үш аусымдағы білім мекемелерінің орнын ауыстырады.  

«Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда 1 672 мектеп салынған. Апаттық ғимаратта орналасқан, үш ауысымда жасайтын, оқушылардың орыны жетпейтін мектептердің проблемасын шешетін болады. Тек Ақтөбе облысы бойынша алдағы үш жылда 9 мектеп салынады. Біз жалпы мектеп мұғалімдерін қолдауымыз қажет. Балаларымызға патриоттық тәрбие беру үшін Қазақстан тарихы, қазақ тілі, география пәндерінің мазмұндары өз еліміздің менталитетіне сай жүргізіледі. Мектепте білім беруге ер азаматтарты шақыру керек. Себебі, балабақша мен мектепте әйелдердің тәрбиесін алған балалар қыз секілді болып барады», — деді ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова.