Сайрамдық кәсіпкер тәулігіне 10 тонна сүтті өңдеп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайрамдық кәсіпкер тәулігіне 10 тонна сүтті өңдеп отыр

Сайрамдық кәсіпкер тәулігіне 10 тонна сүтті өңдеп отыр

Түркістан облысы Сайрам ауданында орналасқан «Рассвет» өндірістік кооперативі сүттен ірімшік және сүзбе өнімдерін өндіріп отыр. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

  • 18 Наурыз 2019
  • 19
Фото - Caravan.kz

2014 жылдан бері  жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорында 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Аталмыш  өндіріс орны Түркия елінің заманауи құрал-жабдықтарымен жабдықталған. Кәсіпорын тәулігіне 8-10 тонна сүт өңдейді.

Қазіргі таңда өндірістік кооператив «Карл» және «Сұлтан» маркасымен ірімшік шығарады. Аталған өнімдер Астана, Алматы, Шымкент қалаларына және Түркістан облысының аудандарында саудалануда. Мекеме басшысы Жанболат  Медетбеков кооператив сүтті өңдеу қуаттылығын 10 тоннадан 50 тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отырғанын айтады. 

«Өндірістік кооперативтің негізгі өнімі ірімшік және сүзбе. Шикізатты біз жергілікті фермерлер мен елден сатып алып, оны сүт таситын көлікпен алып келеміз. Ірімшіктің екі түрін өндіреміз. Атап айтсақ, «Сұлтан» ірімшігі– таңғы асқа арналса, ал «Карл» ірімшігі – пиццаға лайықталған. Бүгінде күніне 10 тонна сүтті өңдеп отырмыз. Алдағы уақытта мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе, 50 тоннаға жеткізуді жоспарлаудамыз», – деді мекеме басшысы.

Бұдан басқа,  «Рассвет» өндірістік кооперативі мемлекет тарапынан қатты ірімшік түріне субсидияға қол жеткізіпті. Алдағы уақытта «Агро кредит» корпорациясы арқылы өндіріс құрал-жабдықтарын жаңартуды жоспарлап отыр.