Үкімет отырысында ҚР энергетика министрі Қанат Бозұмбаев Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнында шыққан өртке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
— Қазір менің бірінші орынбасарым (Махамбет Досмұхамбетов энергетика вице-министрі) оқиға орында жұмыс істеп жатыр, — деді ол.
Оның айтуынша, қазір "негізгі шешімдер оқиға орнында қабылданатын болады".
Бозұмбаев газды-сулы қоспаның жанып жатқанынын нақтылады.
Бұған дейін хабарланғандай, қазіргі таңда оқиға орнында 12 өрт сөндіру техникасы мен 53 адам жұмыс істеп жатыр.