50 жастағы қайын ағасына ғашық болып қалған келіншек жан сырымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
50 жастағы қайын ағасына ғашық болып қалған келіншек жан сырымен бөлісті

50 жастағы қайын ағасына ғашық болып қалған келіншек жан сырымен бөлісті

Екі ұлы бар 30 жастағы келіншек 50 жастағы қайын ағасына ғашық болып қалғанын айтты.

  • 26 Наурыз 2019
  • 883
Фото - Caravan.kz


Келіншек жасы елуге таяп қалған қайын ағасына қалай ғашық болып қалғанын білмейді, — деп жазады "Алаш айнасы".

Сәлем құрбы-құрдастар, әпке-жеңгелер. Әр кімнің өз ішінде жүретін бір құпиясы болады. Менің де ішімді өртеп жандырып бара жатқан құпияммен бөліссем деймін. 30-ға таяп қалған, 2 ұлы мен Алла қосқан жары бар келіншекпін. Шүкір, балаларым аман, жолдасым жақсы. Ешкімнен кем болмай біреуден кейін,біреуден ілгері жасап жатқан жайым бар.

Тек мені қинайтын жайт, өз қайынағама ғашық болып қалдым. Қалай екенін білмеймін. Қайын ағам жас та болса мейлі екен, жасы елуге таяп қалған кісі. Жолдасым вахтада жұмыс жасайды. Айына бір келіп кетеді. Бізді асыраймын деп күндіз-түні жұмыста. Ал мен болсам ғашықпын деп өз-өзімді қоярға жай таппай жүрмін. Осы сырымды айтпасам жанып кететін секілдімін. Бәріміз пендеміз, қателіксіз, кемшіліксіз адам болайды ғой. Сол секілді менде бір күнәге жақын тұрмын. Қайын ағамды көрсем жүзіме күлкі үйіріліп,не істеп, не қойғанымды білмей қаламын. Әкемдей адам ғой, неге ғашық болғанымды түсіне алар емеспін. Көпті көрген апалар, маған бір ақылдарыңызды қоссаңыздар қуанып қалар едім.