Банк картасын пайдаланушыларға мемлекет тарапынан бонус енгізілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Банк картасын пайдаланушыларға мемлекет тарапынан бонус енгізілмек

Банк картасын пайдаланушыларға мемлекет тарапынан бонус енгізілмек

Елімізде банк картасын пайдаланушыларға мемлекет тарапынан қосымша бонус беру тетігін  енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.

  • 26 Наурыз 2019
  • 41
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз қосымша жаңа шаралар да қарастырып жатырмыз. Бұл — мемлекеттен азаматтарға, банк картасын пайдаланушыларға бонус беру. Аталған мәселені қазіргі уақытта талқылаудамыз», — деді ол.

Сонымен қатар ол бизнеспен бірге ірі мәмілелерді қолма-қол ақшасыз жүргізу мәселесін де талқылап жатқандықтарын айтты.

«Бизнеспен бірге қолма-қол формада ірі көлемде жасалған шығыстарға, сонымен қатар ірі мәмілелерге шегерім бойынша шектеу енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл ірі мәмілелердің қолма-қол ақшасыз формада жасалуы үшін енгізілмек», — деді Р.Дәленов.