Пара алды деген күдікке ілінген Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Пара алды деген күдікке ілінген Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары қамауға алынды

Пара алды деген күдікке ілінген Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары қамауға алынды

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле Сайлауова екі айға қамалды.

  • 27 Наурыз 2019
  • 251
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz

"Сот Нұрсәуле Сайлауоваға қатысты екі ай қамауда ұстау шешімін шығарды", — деді Атырау облыстық сотының өкілдері. Санкция 20 наурызда шықты. 

"Ак Жайық" басылымының мәліметінше, Сайлауова әкімдікте әлеуметтік блокқа жетекшілік еткен және екі ай бұрын өз еркімен жұмыстан босатылған,ол өзіне сеніп тапсырылған қаражатты жымқырып, талан-таражға салды және пара алды деген күдікке ілінген. 

Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметіне Сайлауова 2017 жылы тағайындалған еді. 2019 жылы 15 қаңтарда ол қызметінен босады.