Атырауда тағы да балық жаппай қырылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда тағы да балық жаппай қырылып жатыр

Атырауда тағы да балық жаппай қырылып жатыр

Бұған өзен суында оттегінің жетіспеушілігі себеп болуы мүмкін.

  • 31 Наурыз 2019
  • 24
Фото - Caravan.kz

Атырау облысы Қызылқожа ауданындағы Ойыл өзенінде балық жаппай қырылып жатыр. Мән-жайды анықтау үшін  ауыл шаруашылығы министрлігінде арнайы комиссия құрылды, деп хабарлады sputniknews.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Балық өлексесі мен су сынамасы алынды. Мамандар бұл оқиғаға суда оттегінің жетіспеушілігі себеп болуы мүмкін деп отыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Нариман Жүнісовтың айтуынша, Ойыл мен Жайық өзендеріндегі балық қырылуының бір-біріне қатысы жоқ.

"Біздің ойымызша, бұл қыста ауа жетпегендіктен өлген балықтар болуы мүмкін. Өйткені мұз қалың болды. Алайда нақты ақпарат зерттеу аяқталған соң белгілі болады ", — деді Жүнісов.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың желтоқсан айында қырылған балық Жайық жағасына шыға бастаған болатын. Ақпан айының соңында бұл оқиғағаның салдары нақты белгілі болды. Жүз он сегіз мың тоннадан астам балық қырылған. Шығын бір миллион доллардан асады. Негізінен, балық шаруашылықтарында жасанды жолмен өсірілген бекіре қырылды. Алайда зерттеу нәтижесі балық өлексесінде аса қауіпті ауру жоқ екенін көрсетті.