Қазақстан Президенті: Бізге даңғазалықты доғарып, ысырапшылдықтан арылу қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Президенті: Бізге даңғазалықты доғарып, ысырапшылдықтан арылу қажет

Қазақстан Президенті: Бізге даңғазалықты доғарып, ысырапшылдықтан арылу қажет

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев даңғазалықты доғарып, ысырапшылдықтан арылу қажет екенін айтты.

  • 2 Сәуiр 2019
  • 164
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол "Айқын" және "Егемен Қазақстан" газеттеріне берген сұхбатында айтты.

"Бізге даңғазалықты доғарып, ысырапшылдықтан арылу қажет. Осы туралы бұрынырақта, әлеу­мет­тік желіде пікірімді де жаздым. Ұлы Абай «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек: Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – за­лымдық деп білесің. Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүние­ден ешбір нәрсені оларсыз біліп болмайды» дейді. Бізге надан­дықтан құтылу қажет. Тәуелсіздік жылдарында мем­лекеттік, ұлттық ұстанымға адал, білімді, өткір, отаншыл жастары­мыздың тұтас бір буыны қалып­тасты. Біз соларға арқа сүйейміз. Олар Абай айтқан бес асыл іске берік – талапшыл, еңбекшіл, ой­шыл, қанағатшыл, рақымшыл бол­са – онда біздің еліміздің бо­лашағы жарқын, жұлдызы жоғары болмақ", — деп сұхбатын аяқтады Тоқаев.